freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«БАӘ-дегі үйлер, 10 баспана және люкс көліктер: “Актив Ломбард” иесінің ауқымды байлығы тәркіленді

Құқық
«БАӘ-дегі үйлер, 10 баспана және люкс көліктер: “Актив Ломбард” иесінің ауқымды байлығы тәркіленді
видеодан скриншот

"Актив Ломбард" желісінің иесі заңсыз микрокредит беру схемасы бойынша айыпталып қамауға алынды. Ол адамдармен 1,9 милионнан астам шарт жасасып, 19 миллиард теңгеден аса қылмыстық кіріс тапқан. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, "Актив Ломбард" желісінің иесі С.С. Койнов пен басқа да қатысы бар тұлғаларға қатысты тергеу аяқталған.

“Актив Ломбард” желісінің иесі С.С. Койнов комиссиялық қызметті пайдалана отырып, жеке тұлғаларға жасырын түрде микрокредит берудің заңсыз схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Ол өз қызметін заңды етіп көрсету үшін "Актив Ломбард" ЖШС-ін және сенімді адамдардың атына тіркелген бірнеше компанияны пайдаланған. "One Billion Sales", "The Best Seller" және "Shark in Sales" ЖШС-тері қағаз жүзінде комиссиялық саудамен айналысқанымен, шын мәнінде "Актив Маркет" брендімен жұмыс істеп, мүлікті кепілге алып, жоғары пайызбен микрокредит берген. Бұл бөлімшелер "Актив Ломбард" филиалдарымен бір ғимаратта орналасып, клиенттерге сол қызметкерлер қызмет көрсеткен. Клиенттермен жасалған комиссиялық шарттар тек қағаз жүзінде рәсімделген. Ал алынған сыйақы мөлшерлемесі тәулігіне 1,73–2,07% болып, рұқсат етілген 0,3%-дан 5 есе жоғары болған. Бұл азаматтардың құқықтарын өрескел бұзған”, – делінген хабарламада. 

Осылайша ол адамдармен 1,9 миллионнан астам шарт жасасып, қылмыстық кіріс көлемі 19 миллиард теңгеден асқан.

“Тергеу деректеріне сәйкес, С.С. Койнов заңсыз тапқан ақшаның қайдан келгенін жасыру үшін арнайы бірнеше деңгейлі схема құрған. Ол үшін өзіне қатысы бар компаниялармен жалған келісімшарттар жасалып, ақша банктік шоттар арасында бірнеше рет айналдырылып, кейін дивиденд ретінде шығарылған. Осылайша 5 миллиард теңгеден астам қаражат заңдастырылған.

Бұдан бөлек, Койнов бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлейтін компания ретінде "Zeus Co" ЖШС-ін тіркеген. Алайда бұл компания арқылы қызмет көрсетілді деген сылтаумен бағасы қолдан көтерілген келісімдер жасалып, шотына 2,5 миллиард теңге түскен. Оның 2,2 миллиард теңгесі Койновтың өзіне дивиденд ретінде аударылған”, – делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен жалпы құны 8,9 млрд теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды. Оның ішінде пәтерлер мен тұрғын үйлер, автокөліктер, компаниялардағы үлестер және зергерлік бұйымдар бар. Тыйым салынған мүліктің қатарында:

елордадағы 4 пәтер мен 2 тұрғын үй;

БАӘ-дегі 4 апартамент;

6 автокөлік (Lexus LX 600, Rolls Royce Cullinan, Mercedes-Benz G63, Bentley Bentayga V8, Land Rover Range Rover Sport);

сондай-ақ депозиттегі 2,7 миллиард теңге бар.

С.С. Койнов қамауға алынды. Оның төрт сыбайласына қатысты елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу