«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Бұған дейін 184 қазақстандыққа "Болашақ" стипендиясы тағайындалғаны хабарланған болатын.

Берік Дәулетов

  • 28.06.2024

Бірінші тағайындау нәтижесі бойынша 138 адам магистратура, 13 адам докторантура бағдарламалары бойынша білім алатын болады, 33 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомствоның мәліметінше, іріктеу кезінде инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға баса назар аударылды. Оқыту 62 мамандық бойынша жүргізіледі.

Степендия иегерлерінің тізімін мына жерден көре аласыз.

Биылғы жылы басым мамандықтардың тізімі мемлекеттік органдардың қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлау жөніндегі сұраулары негізінде қалыптастырылды. Ауылдық жерлерден шыққан үміткерлерге, инженерлік-техникалық қызметкерлерге, медицина қызметкерлеріне жеңілдікті санаттар қолжетімді, - делінген хабарламада.

Олар оқуды бастамас бұрын 12 айға дейінгі тілдік дайындықтан өте алады, стипендияға құжаттарды тапсырған кезде университеттен шақыру хатының болуы міндетті емес.

Биылғы жылы өтінімдердің рекордтық саны конкурсқа қатысудың жоғары деңгейін көрсетті. Алдағы уақытта біз конкурсқа іріктеу ережелерін жетілдіріп, құжаттарды ресімдеудің бүкіл процесін цифрландыруды жоспарлап отырмыз. Іріктеу кезеңдерін енгізу және тестілеу түрін өзгерту күтілуде, - деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Әлия Оспанова.

Үміткерлер Harvard University, Stanford University, National University of Singapore, University of Pennsylvania, University of Illinois at Urbana-Champaign сияқты әлемдік рейтингтердің топтарына кіретін университеттерге түсті.

Ең көп қызығушылық тудырған мамандықтар:

"Ақпараттық технологиялар және жүйелер",

"Үлкен деректерді талдау",

"Көлік технологиялары",

"Қоғамдық денсаулық сақтау",

"Химиялық инженерия",

"Құрылыс инженериясы",

"Халықаралық құқық және қауіпсіздік",

"Зияткерлік меншік",

"Экология".

Бұған дейін 184 қазақстандыққа "Болашақ" стипендиясы тағайындалғаны хабарланған болатын.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025
MalimBlocks
Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады