Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бұғанасы сынған. Өгей әке 2 жасар қызын соққыға жыққан

Оқиға
Бұғанасы сынған. Өгей әке 2 жасар қызын соққыға жыққан

Павлодарда ер адам 2 жасар қызын ұрғаны үшін ұсталып, изоляторға қамалды деп хабарлайды Malim.kz. 


Облыстық балалар ауруханасына денесінде жарақаты бар 2 жасар қыз бала түскен. Оның екі бұғанасы бірдей сынып кеткен. Ал анасы бастапқыда қызының төсектен құлағанын айтқан. 

Екі бұғанасы сынған, бірақ орнынан шықпаған. Бұған қоса маңдайында бұрын көгерген жері байқалды. Анасынан сұрағанымда ойнап жүріп ауыртып алды деп жауап берді», - дейді балалар ауруханасының травматолог дәрігері Сергей Самец.

Алайда қыз құлап түспеген екен. Оны өгей әкесі соққыға жыққан. Бір тәуліктен соң анасы ауруханаға қайта келіп, дәрігерлерден қызының көгерген жерлерін түсіріп, тіркеуді өтінген. Әйел өзімен бірге тұратын ер адамнан күдіктеніпті. 

Павлодар облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласындағы уақытша қамау орнына орналастырылды».  

Фото: emcrk.kz  


 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу