Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды

Құқық
Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды

Дүйсенбі күні бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мұндай шешімді арнайы прокурорлар Тұрғымбаевқа қатысты 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғаға байланысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында шығарды.

Биыл 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Қантарадағы жағдайдан кейін Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрлігінің басшысы қызметінен босатылып, президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, кейін Ташкентке барып, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылым басшысының кеңесшісі болған еді.

Бұған дейін Бас прокуратура жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулер шеңберінде бұрынғы Ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевтан жауап алынғанын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ қазіргі Ішкі істер министрі Ержан Сәденов журналистердің Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды ма деген сұрағына жауап берген.

Фото: SN.KZ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу