Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бұрынғы Ішкі істер министрі Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды ма?  

Саясат
Бұрынғы Ішкі істер министрі Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды ма?  

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Қаңтар оқиғасына байланысты күдікке ілінген». Журналистер ақпаратты нақтылау үшін бүгін мәжіліске келген қазіргі Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке сұрақ қойды. Министр жауапты қысқа қайырды. 


- Ішкі істер министрлігі бұл істі қарап жатқан жоқ. Басқа құзырлы органдар тексеріп жатыр. Сондықтан қандай іс, қандай бап бойынша екенін айта алмаймын, - деді Сәденов.  


Еске салайық, Ерлан Тұрғымбаев 2019-2022 жылдар аралығында Ішкі істер министрі қызметін атқарды.  
2023 жылдың қыркүйегінде Бас прокуратура экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтың Қаңтар оқиғасына байланысты қылмыстық істе күдікті емес екенін хабарлаған.

 

ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу