Аймағамбетов: Ұстаз мамандығының беделі артып келеді

Malim Админ

  • 28.05.2021

Бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халық алдында есеп беру жиынын өткізіп, министрлік жұмысын қорытындылады. Министр ең алдымен Қазақстанда "Ұстаздар мәртебесі туралы" заңның қабылдануы мұғалімдерге қалай әсер еткеніне тоқталды. Асхат Аймағамбетов осы заң арқасында мұғалімдер құқығы қорғалып жатқанына назар аударды.

Білім және ғылым министрі "Ұстаздар мәртебесі туралы" заңның аясында педагог толтыратын құжаттар саны азайтылғанын жеткізді.

"Педагогтың күнделікті толтыратын құжат санын екіге дейін төмендеттік. Ұстаздарды кәсіби міндетіне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға тыйым салынды, әрбір өңірде педагогикалық этика бойынша кеңестер құрылды", - деді Асхат Аймағамбетов есеп беру жиынында.

Ұстаз мамандығының мәртебесін арттыру үшін басқа да шаралар атқарылды. Мысалы, министрдің айтуынша, 2025 жылға қарай мұғалімдердің жалақысы екі есе артады, ал кәсіби біліктілік категориясы жоғары ұстаздардың жалақысына 30-50 пайыз аралығында үстемақы қосылады. Кәсіби біліктілік категориясы жоғары мектеп директорлары мен білім бөлімі меңгерушілерінің жалақысына 30-100 пайыз аралығында үстемақы қосылады. Секциялық жұмыс жүргізетін дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің айлығына 17 мың теңге қосылады. Ал "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік наградасы бар мұғалімдерге 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде үстемақы қосылады. Бұл үшін, министрдің айтуынша, бюджеттен тиісті қаржы қарастырылып қойылған.

Сонымен қатар ұстаз мамандығының беделін арттыру үшін педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттердің шәкіртақысы екі есе өсті. Есесіне педагогикалық мамандықтарға түсу үшін қажетті төменгі балл 50-ден 70-ке көтерілді.

"Біз үшін ең мықты түлектердің осы мамандыққа түскені маңызды. Педагогикалық мамандықтарға түсушілердің орташа балы 60-тан 90-ға көтерілді. Үздік түлектердің педагогикалық мамандықтарға түсіп жатқанын байқап жатырмыз. Осы мамандыққа тапсырушы "Алтын белгі" иегерлерінің саны екі есе артты", - деді Аймағамбетов.

"Педагог мәртебесі туралы" заң 2019 жылдың желтоқсанында қабылданған болатын. Осы заңға сәйкес, педагогті кәсіби міндетіне байланысты емес жұмыс түріне тартуға, заңнамада көзделмеген есептілікті не ақпаратты ұсынуды талап етуге, тауарлар мен көрсетілген қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге тыйым салынған. "Педагог мәртебесі туралы" заңның 6-бабының 2-тармағының талаптары осындай. Ал бұл тармақтағы талаптарды бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылады.

 

Фото: primeminister.kz


 

Байланысты жаналықтар

Актер Асқар Наймантаев өмірден өтті

02.12.2023

«Мacc-мeдиa тyрaлы» мaңызды құжaт – yaқыт тaлaбы

30.11.2023

«Абай» баспасынан шыққан 35 кітаптың тұсауы кесілді

28.11.2023

Бүркіт ақынды екінші рет өлтірген кім?

23.11.2023

Шетелде қазақ тілін оқыту әдістемесі жасалады

22.11.2023

Әншілердің фонограмма пайдалануына тыйым салу туралы петиция жарияланды

22.11.2023
MalimBlocks
Актер Асқар Наймантаев өмірден өтті

Ол ауыр дерттен көз жұмды

«Мacc-мeдиa тyрaлы» мaңызды құжaт – yaқыт тaлaбы

Eң aлдымeн, жyрнaлиcтiң жeкe мәртeбeci тyрaлы қaғидaттaрды aнықтaп aлып, жaңa зaңдa нaқ­тылaп бeлгiлey кeрeк

«Абай» баспасынан шыққан 35 кітаптың тұсауы кесілді

28 қараша күні Ұлттық кітапханада «Абай» баспасы шығарған 35 кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Кітаптың әр данасы – 1000 тиражбен шыққан. Аталған баспаның құрылтайшысы әрі директоры Ақберен Елгезек 35 мың дана кітапты басып шығаруға ешқандай мемлекет қаржысы жұмсалған жоқ дейді.

Бүркіт ақынды екінші рет өлтірген кім?

5 миллион қазақтың мүддесін, 250 миллион советтіктердің мүддесінен  жоғары қойған

Шетелде қазақ тілін оқыту әдістемесі жасалады

Әрбір дамыған мемлекет әлемдік деңгейде өз тілін, әдебиетін, мәдениетін жер бетінде мүмкіндігінше көбірек адамдарға үйрету, насихаттау, таныстыру және сол арқылы тілдің әлеуетін арттырып отыр.

Әншілердің фонограмма пайдалануына тыйым салу туралы петиция жарияланды