Мәскеуге бомба тастағанда Қырым мен Донбасс мәселесі шешілер еді

Олжас Қасым

  • 04.03.2020

Қырым мен Донбасстың мәселесін шешудің ең тиімді жолы Мәскеуді атом бомбасымен атқылау. Бұндай мәлімдемені Украина Жоғарғы радасының гуманиратия және ақпараттық саясат комитеті басшысының орынбасары Никита ПОТУРАЕВ жасады.
ukranews.com сайтының жазуынша, депутат бұл жайлы мемлекеттік «Дом» телеарнасының ашылу салтанатында айтқан. Жаңа телеарна Ресей жауалап алған аймақтарға тарайтын болады. Ол жерде Украинада азаматтық соғыс деген термин қолданылмайды. Тиісінше ОБСЕ қолданатын Ресей – агрессор мемлекет деген тіркес пайдалынылады. Ресей тарапынан «Дом» арнасының радиосигналына кедергі келтірулері де ықтимал дейді депутат.
«Арнаның таралуына радиоэлектрлі күрестің болуы мүмкін. Мәскеуге лақтыратын атом бомбамыз жоқ. Қырым мен Донбасс мәселесін шешудің ең тиімді жолы сол болар еді», - деді депутат Никита Потураев.
2014 жылы Украинада өткен революция кезінде Қырым жарты аралын Ресей Федерациясы өз құрамына қосып алды. 2017 жылдың 27 ақпан күні Қырым автономиясының парламентін «жасыл адамдардың» басып алғанын батыс ақпарат құралдары сан мәрте жазған. Артынша Украинаны шығысындағы екі облыс өздерін Луганск Халық Республикасы, Донецк Халық Республикасы деп жариялады. Алайда олардың мемлекеттілігін халықаралық қауымдастықтар мен бірде-бір дамыған мемлекеттер мойындамады. Сондай-ақ, ресми Киев шығыс Украинада ресейлік әскери құрылымдардың жүргенін сан мәрте мәлімдеді. Және айғақтарды да ұсынған болатын.

Фото: news.liga.net

Байланысты жаналықтар

Ресейдегі қандастар есерсоқтанып барады

16.05.2023

Украина президентіне Түркияға шабуылдауды ұсынған қазақстандық депутат кешірім сұрады

30.04.2023

Сергей Гайдай Қазақстанға елші болып келуі мүмкін

15.03.2023

Байқоңыр тұрғындарын Украина соғысына шақырып жатыр

14.02.2023

«Abrams және Leopard танктері денсаулыққа зиян екен»

27.01.2023

Кикабидзе:   «Адам - уақытша жаратылыс, соңынан жаман сөз ермеуі керек»  

16.01.2023
MalimBlocks
Ресейдегі қандастар есерсоқтанып барады

Ресейлік үгіт-насихатты санасына сіңіргені сонша, Украинаға соғыс ашып отырған өз билігіне уәж айтудың орнына, қайта қолдап, қуаттап отыр

Украина президентіне Түркияға шабуылдауды ұсынған қазақстандық депутат кешірім сұрады

Ол Қырымнан гөрі, Түркия тартымдырақ деп жазған

Сергей Гайдай Қазақстанға елші болып келуі мүмкін

Бұған Путин қалай қарайды?

Байқоңыр тұрғындарын Украина соғысына шақырып жатыр

Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді

«Abrams және Leopard танктері денсаулыққа зиян екен»

Атыс көлігі  онкологиялық аурулардың өршуіне алып келеді

Кикабидзе:   «Адам - уақытша жаратылыс, соңынан жаман сөз ермеуі керек»  

Путинді ашық түрде айыптап, Мәскеуден кетті