«Қазақфильм» жер телімін сатып жатқан ақпаратты жоққа шығарды

Ал жалған ақпарат таратқандарды сотқа бермек

Мәди Саматұлы

  • 02.11.2024

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы соңғы күндері Рысқұлов даңғылы, 101Б мекенжайында орналасқан жер учаскесі мен бұрынғы «Қазкино» кешенін сату туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Қазір учаске мен ғимарат киностудияның меншігінде және сатуға шығарылмайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Киностудия мәлімдеуінше, аталған учаскеде авариялық жағдайда тұрған ғимарат анықталды. Бұл киностудия мамандарының бірнеше рет жүргізген тексерулерінде расталды. Аумақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында «Қазақфильм» Алматы қаласы әкімдігінің өкілдерін тарта отырып, кешенді сараптама жүргізуді бастады. Сарапшылардың қорытындысы бойынша осы ғимаратты қауіпсіз пайдалану үшін қажетті шешімдер қабылданады. Ал жер учаскесі мен кешенді сату туралы барлық ақпарат жалған. Бұл жалған ақпарат әрі қарай таралған жағдайда сотқа жүгінуге құқылы екенін еске салды.

«Қазақфильм» киностудиясының аумағындағы өткізу режимінің қатаңдатылуы туралы хабарламалар да шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы өткізу жүйесі қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және киностудия мүлкін қорғауға арналған. Мұндай шаралар әлемдегі барлық киностудияда қалыпты тәжірибе болып саналады және ұрлық, өртеу және басқа да оқиғалардың алдын алу үшін қажет. Жақында енгізілген қауіпсіздік шаралары студия аумағында болған өрт пен қызметкерлерге жасалған шабуыл сияқты оқиғаларға жауап ретінде жасалып, студияда жұмыс істейтіндердің барлығын қорғауға бағытталған, деп жазылған мәлімдемеде.

Сонымен қатар, киножобаларды қаржыландыру туралы ақпаратты түсіндіруді жөн көрген. 2023 жылы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 18 жобаны өндіріске жіберіп, олардың 10-ы 70%-дан астам, оның ішінде екеуі 100% қаржыландырылған. Ал қалған сегізі 50%-дан төмен қаржыландыру алды, алайда олардың бірқатарына аралық төлемдер жасалды. Кейбір жобаларды қаржыландырудың кешігуі Қазынашылық комитеттің кеш қаржы бөлуімен байланысты. Сонымен қатар, кешіктірілу есептердің уақытылы тапсырылмауымен де байланысты, бұл келесі транштарды алу үшін қажетті шарт.

Фото: iapn.kz

Байланысты жаналықтар

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

28.04.2025

Отандық фильмдерден түскен табыс қандай?

19.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Кинотеатрлардағы фильмдер мазмұнына бақылау күшейеді

10.04.2025

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

30.03.2025
MalimBlocks
Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

бұл - жалған ақпарат

Отандық фильмдерден түскен табыс қандай?

Бірінші кредиттік бюро 2024 жылы қазақстандық фильмдердің прокатынан еліміздегі кинотеатрлар қанша табыс тапқанын жариялады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Кинотеатрлардағы фильмдер мазмұнына бақылау күшейеді

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды