Қазақстан эпидемиологтары: Індет жазда да жалғасуы мүмкін
Қазақстан эпидемиологтары коронавирус жазда да жалғасып, күзде екінші рет өршуі мүмкін деп болжайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен видеоконференция өткізген эпидемиолог-ғалымдар айтты.
Сарапшылар осы себепті халықтың көбіне тұмауға қарсы вакцина жасалуы керек дейді. «Маусымдық гипотезаны қазір ешкім жоққа шығарып отырған жоқ. Маусымдық жағдайда тұмау қатты жүрмеуі ықтимал. Тиісінше жазда эпидемия жалғасуы мүмкін. Күзде де ол ары қарай кездесе береді», - дейді С.Аспендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің зерттеу жұмыстары бойынша проректоры Бауыржан Жүсіпов.
Қазір елімізде індет анықталған 2334 адам бар, 560 адам жазылып шығып, 22 адам қайтыс болды. Ауру анықталғандар саны күннен күнге артып келеді. Біртановтың пікірінше мамыр айы ең қауіпті уақыт, осы айда коронавирус жұқтарғандардың саны жоғары деңгейге жетіп, ары қарай төмендейді деп болжанған. Еліміздің бас санитары Айжан Есмағамбетованың айтуынша, осы айда коронавируспен ауырғандардың саны 4000-ға жетеді.