freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Депутат: Қазақстанда 35 мың мұғалім жұмыссыз ретінде тіркелген

Білім-ғылым
Депутат: Қазақстанда 35 мың мұғалім жұмыссыз ретінде тіркелген
gov.kz

Мәжілісте өткен Үкімет сағатында AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Сергей Пономарев педагог кадрларды даярлау мен еңбек нарығындағы сәйкессіздік мәселесін көтерді, деп хабарлайды Malim.kz.

Депутаттың айтуынша, елімізде жоғары білім алған мамандардың елеулі бөлігі өз саласы бойынша жұмысқа орналаса алмай отыр. Бұл жағдай әсіресе педагогика саласында айқын байқалады.

Жоғары оқу орнын бітірген түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі шамамен 70 пайыз. Алайда бұл көрсеткіш соңғы үш жыл қатарынан төмендеп келеді. 2024 жылдың қарашасындағы мәліметке сәйкес, 35 мың мұғалім ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген, тағы 17,5 мыңы білім беру саласында жұмыс істемейді. Бұдан бөлек, шамамен 60 мың педагогтың қазіргі жұмыс орны туралы нақты ақпарат жоқ, – деді депутат.

Ол сондай-ақ кейбір елдерде, соның ішінде Оңтүстік Кореяда кадр дайындау мен еңбек нарығы арасындағы байланысты мемлекет қатаң бақылайтынын мысал ретінде келтірді.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек педагог кадрларды даярлау жүйесінде олқылықтар бар екенін мойындады.

Иә, түлектерді жұмысқа орналастыру – негізгі мәселе. Педагог мәртебесі туралы заң қабылданып, жалақы өскен соң бұл мамандыққа сұраныс артты. Бірақ педагог даярлау бағдарламалары соған сай жетілдірілмей қалды. Қазіргі таңда педагог кадрларды 5 бейіндік ЖОО және лицензиясы бар 52 жоғары оқу орны дайындайды, – деді министр.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу