Каспий итбалықтарының шығыны 1,5 млрд теңгені құрауы мүмкін

Мамандар шығын көлемін есептеді

Мәди Саматұлы

  • 24.11.2024

Касспий жағалауында қырылған 2 мың итбалықтың шығыны 1,5 млрд теңгеге баруы мүмкін. Lada.kz жазуынша, ол Қызыл кітапқа енгізілгендіктен, бір өлексенің өзіне қылмыстық іс қозғалуы керек, деп хабарлайды Malim.kz.

Сайт жазуына қарағанда, Каспий теңізінің жағалауындағы жағдайға байланысты мониторинг жалғасып жатыр. Маңғыстау облысы бойынша «ECOJER» қауымдастығының өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақовтың мәліметінше, теңіз жануарларының өліміне байланысты келтірілген шығын көлемі есептелді.

«Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының» маманы Андрей Руцкийдің айтуынша, инспекторлар күнделікті мониторинг жүргізу үстінде. 23 қарашадағы жағдай бойынша теңіз жағалауына жануарлардың өлекселері шығарылғаны байқалмаған.

Әділбек Қозыбақовтың айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы бұйрығына сәйкес, бір итбалықтың құны 193 АЕК-ке (712 556 теңге) тең. Ал мұнда 2 мыңға жетіп тұр. Егер осы 2 мың итбалыққа көбейтсек, 1 425 112 000 теңгені құрайды. Каспий итбалығы 2020 жылы Қызыл кітапқа енгізілген, сондықтан біреуінің өліміне де қылмыстық іс қозғалуы керек.

Оқиғаның қайталанбауы үшін мамандар компаниялардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін тәуелсіз сарапшыларды тартуды ұсынады. Сондай-ақ, бұл мәселеге қоғамның назарын аудару, арнайы комиссия құрып, кінәлілерді заң жүзінде жауапқа тарту қажеттілігі айтылды.

Фото: Lada.kz

Байланысты жаналықтар

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

06.05.2025

Каспий жағасынан өлі итбалықтар табылды

01.05.2025

Каспий тартылып барады: апат ауқымы айтылды

22.03.2025

Елдегі зейнетақы қоры 285 млрд теңге инвестициялық шығынға ұшырады

25.02.2025

Тұман, көктайғақ... Жолға шыққанда абай болыңыз!

11.02.2025

Маңғыстауда сарбазды атып өлтірген лейтенант 13 жылға сотталды

24.01.2025
MalimBlocks
Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

Каспий жағасынан өлі итбалықтар табылды

Каспий тартылып барады: апат ауқымы айтылды

Саяхатшы-блогер Нұркен Тәжібай Каспий теңізінің бірнеше жыл бойы түсірілген кадрларын жариялады

Елдегі зейнетақы қоры 285 млрд теңге инвестициялық шығынға ұшырады

Тұман, көктайғақ... Жолға шыққанда абай болыңыз!

Қарағанды облысының шығысындағы жолдарда көктайғақ болады

Маңғыстауда сарбазды атып өлтірген лейтенант 13 жылға сотталды

Сондай-ақ, 20 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді