Үкіметте төтенше жағдайлардан қорғану, алдын алу шаралары пысықталды

Өңірлердегі алдын алу шаралары – бөгеттерді нығайту, өзендердің табанын тереңдету және қауіпті учаскелерде жағалауды нығайту

Malim Админ

  • 24.09.2024

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ТЖ-ға дайындықты күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.


Негізгі шаралар қатарында:  

Құтқарушыларды киім-кешекпен және арнайы жарақтармен қамтамасыз етуді қайта қарау. Жаңа техника сатып алу – автомобильдер, жүзу құралдары, ұшақтар мен тікұшақтар сатып алынады, күрделі жағдайларға дайын болу үшін ұшқыштарды оқыту жоспарлануда.

Күштерді жедел үйлестіру үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған командалық орталықты жаңғырту. Бірыңғай өрт сөндіру депосын құру – өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен құтқарушылар тиімділікті арттыру үшін бір шаңырақ астында жұмыс істейтін болады.

ТЖ Алдын алу комитетін құру – енді халықты қорғау жөніндегі шараларды орындамағаны үшін әкімшілік шаралар көзделген.  Өңірлердегі алдын алу шаралары – бөгеттерді нығайту, өзендердің табанын тереңдету және қауіпті учаскелерде жағалауды нығайту.

Министр бұл қадамдарды іске асыру тәуекелдерді барынша азайтып, болашақта ТЖ-ға дайындықты арттыратынын атап өтті. Сонымен қатар, Үкімет отырысында Олжас Бектенов еліміздің 12 өңірі зардап шеккен тасқынының ауқымын айтты.

«Жағдайды Мемлекет басшысы өзінің жеке бақылауында ұстап отыр. Апатпен күресуге қолдағы барлық ресурстар мен күштер жұмылдырылды. Мемлекеттік органдардың, ірі бизнес өкілдерінің, белсенді азаматтар мен еріктілердің бірлескен күш-жігерінің арқасында ауқымды жұмыс жүргізілді. Қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Адамдар уақытша баспанамен, тамақпен және күнделікті өмірге қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Бүкіл халық болып Мемлекет басшысының үндеуіне құлақ асып, су басқан өңірлерге қол ұшын созды. Бәріне жәрдем берілді», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Фото: primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?

19.05.2025

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025
MalimBlocks
Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады