Елімізде жартыжылдық қорытындысы бойынша азық-түлік бағасы төмендеген

Бағаның төмендеу үрдісі жалғасып жатыр.

Берік Дәулетов

  • 02.07.2024

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты жағдайдың қорытындылары талқыланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Күзгі және көктемгі тұрақтандыру қорларында көкөніс қорларын қалыптастыру барысы туралы айтылды. Жартыжылдық қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақты дефляциясы байқалады:

маусымда орташа баға индексі 0,3%-ға төмендеді, ал жыл басынан бері жалпы 0,2%-ға төмендеді. Бағаның төмендеу үрдісі жалғасуда. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, соңғы аптада бағалар орташа тағы 0,1%-ға төмендеді, әсіресе, 9 тауар бойынша: сәбіз (1,5%),

қарақұмық жармасы (0,8%), ұн (0,7%), сүт (0,5%), тауық еті (0,2%), күріш, сиыр еті, тұз және қант (0,1%). Бағаның төмендеуі 10 облыста байқалады.

Айтарлықтай төмендеу Маңғыстау облысында (0,4%) және Павлодар облысында (0,3%) байқалды.

Оқи отырыңыз: Елімізде 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмек қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда қант бағасы тағы қымбаттап жатыр

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков өңірлердегі ерте пісетін өнімдерге келісімшарт жасау барысын баяндады. Қазіргі уақытта әкімдіктер маусым-шілде айларына ерте пісетін көкөністерге 37 мың тонна көлемінде форвардтық келісімшарттар жасасты. Вице-министр 1 тамызға дейін өңірлер күзгі өнімді форвардтық сатып алу аясында ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржыландыру қажеттігін, фермерлердің жеңілдетілген қаражатты уақытылы алуын қамтамасыз ету керек екенін атап өтті.

Еске салсақ, кеше қымбатшылық қазақты тағы қыса бастағанын жазған болатынбыз.

Фото: opennews.kz/Үкімет

Байланысты жаналықтар

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

12.05.2025

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

10.05.2025

Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды

05.05.2025

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

28.04.2025

Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды ұзартты

27.04.2025

Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді

25.04.2025
MalimBlocks
Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

АҚШ, Бразилия, Иран сияқты елдер өндірісті ұлғайтып отыр

Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

бұл - жалған ақпарат

Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды ұзартты

Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді