Үкімет көлеңкелі экономиканы 926 млрд теңгеге қысқартатын жоспар құрды

Ол бюджет түсімдерін 270 млрд теңгеге ұлғайтады

Мәди Саматұлы

  • 13.07.2024

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңес барысында сауданы цифрландыру арқылы көлеңкелі экономиканы азайту мәселелері қаралды. Сауда және интеграция, Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің атқарып жатқан жұмыстары, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП өкілдерінің пікірлері тыңдалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстанда темекі және аяқ киім бұйымдары, сонымен қатар биылғы 1 шілдеден бері барлық дәрі-дәрмектер сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауға жатады.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, темекі өнімдерін міндетті таңбалау енгізілгеннен кейін оның барлық түрі бойынша акциз түсімдері 25%-ға өскен. Сонымен қатар, контрафактілік өнімдерді анықтау мүмкіндігі артқан. 

Мәселен, елімізде 2022 жылдан бастап 2024 жылдың І тоқсанына дейін 15 млрд теңге көлемінде заңсыз темекі өнімі тәркіленді. Импортталған аяқ киім бұйымдарынан ҚҚС және кедендік баж түсімдері 293%-ға: 2021 жылғы 7,8 млрд теңгеден 2023 жылы 30,7 млрд теңгеге дейін өскен.

Сонымен қатар, таңбалауды тауарлардың басқа топтарына енгізу жоспарлары талқыланды. Алдағы 5 жылға арналған болжамдарға сәйкес, оны іске асыру көлеңкелі айналымды тағы 926 млрд теңгеге қысқартуға, бақыланатын экономиканың үлесін 23%-ға, бюджет түсімдерін 270 млрд теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Біз экономиканың ашық әрі заңды жүруіне, нарығымыздың толық қадағалануы мен ашықтығына қол жеткізуіміз керек. Ол үшін бизнес мүдделері ескерілуі тиіс. Орта мерзімді перспективада тауарларды таңбалауға көшудің нақты кестесі мен мерзімдерін әзірлеу қажет. Кәсіпкерлер өздерін алдағы уақытта не күтіп тұрғанын білуі керек. Егер біз тауарлардың жекелеген топтары бойынша артта қала бастасақ, онда өндірушілерімізге қосымша мемлекеттік қолдау көрсету шараларын пысықтау қажет, деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ, Қазақстанда Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесінің пилоттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Аталған жоба тауарлардың жеткізушілерден сатып алушыларға өтуін қадағалауға, бүкіл жеткізу тізбегін бақылауға, нақты уақыт режимінде тауарлардың өңірлік ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері қоймаларында болуы және қозғалысы туралы ақпаратты тіркеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ деректерді өңдеу уақытын қысқартады әрі тауар айналымын бақылаудың тиімділігін арттырады.

Пилоттық жобаны іске асыру нәтижесінде 89,4 млрд теңге көлемінде ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің шарттары 100% цифрландырылды, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер мен өткізушілердің 95%-ы қамтылды, деп жазылған Үкімет хабарламасында.

Бұған қоса, Ұлттық жүйені кеңейту және оған 58 тауар позициясынан тұратын азық-түлік себеті мен соның негізінде инфляция есептелетін 488 тауардан тұратын тізбені енгізу жоспарлары қаралды.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025
MalimBlocks
Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

 

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды