Мемлекет басшысы Иранның дрондары Әзербайжан әуежайын атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді.
Мемлекет басшысы бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптайды.
Президент болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп егжей-тегжейлі тергелетініне, сондай-ақ екі ел арасына сызат салған жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін дипломатиялық тәсілдер арқылы реттелетініне сенім білдірді.
Еске салайық, Әзербайжанның Нахчыван әуежайына Иранның дрондары шабуыл жасады.