Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Иран Израильді зымыранмен атқылады

Әлем
Иран Израильді зымыранмен атқылады

Иран Израильге қарсы жаппай зымыран шабуылын жасады. Тегеран мұны Хезболла мен ХАМАС топтарының жетекшілерінің өліміне жауап ретінде жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz BBC сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Иранда ұшып, Иордания аспанынан асып, Израильде бет алған зымырандардың көптеген видеосы пайда болды.

Дегенмен Израиль армиясы қауіптің жойылғанын және халыққа бомба паналарынан шығуға болатынын мәлімдеді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Иран екі толқынмен 200-ге жуық зымыран ұшырды деп болжануда.

АҚШ президенті Джо Байден америкалық әскерге Израильге соққыны тойтаруға көмектесуді бұйырды. 

Айта кетейік, АҚШ пен одақтастар биыл 13 сәуірде болған жаппай әуе шабуылында да Израильге көмекке келіп, дрон мен зымырандарды қағып түсіруге көмектескен еді.

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу