freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ирандық дрондар Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына соққы жасады

Әлем
Ирандық дрондар Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына соққы жасады
видеодан скриншот

Telegram-арналар мен әлеуметтік желі қолданушылары Дубайда тағы да жарылыс болғанын жазып жатыр. Ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрон) халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасаған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Malim.kz Orda.kz-ке сілтеп. 

Telegram-дағы Shot және Mash арналары жарылыс туралы мәлімет таратты. 

«Дубай халықаралық қаржы орталығы ғимараты жанында жарылыс болды. Қазір оқиға орнында көк түтін байқалады, ғимараттың әйнектері сынған», деп хабарлады Telegram-арналар. 

РБК-ның мәліметінше, Дубай билігі зымыранды сәтті тосып алған. Бірақ оның сынықтары құлағанын растады. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Еске салайық, өткен демалыс күндері БАӘ президенті ел соғыс жағдайында екенін мәлімдеген болатын. Бұған дейін Дубайда бірнеше жарылыс болып, соның аясында қала әуежайы жұмысын уақытша тоқтатқан еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу