Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кентаудағы жол апатынан 6 адам қаза тапты

Оқиға
Кентаудағы жол апатынан 6 адам қаза тапты

Кентау-Түркістан жолының бойында жол апаты болды. Кентау қаласына кіре беріс аумақта екі «Аudi» көлігі соқтығысқан, - деп хабарлайды Malim.kz.   

Алдын ала мәліметтер бойынша, жеңіл көліктің бірі қарсы жолаққа шығып кетіп екіншісімен соғысқан. Апат салдарынан көлік өртеніп, 6 адам қайтыс болды. Ал, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен Кентау қалалық орталық ауруханасына жеткізілді. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесімен процестік шешім қабылданады. Түркістан облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережесінің талаптарын сақтауға, жылдамдықты асырмауға және қарсы жолаққа шықпауға шақырады. Жолдарда абай болыңыздар, - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Фото: видеодан скрин   

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу