Алматы әуежайында ұшаққа отырған мас ресейліктер жазаланды

Жыл басынан бері қалада осындай тәртіп бұзғандар 2 мыңнан асқан

Malim Админ

  • 11.05.2024

Шетелдік жолаушылар әуе рейсінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Polisia.kz жазуынша, Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері акт бойынша Алматы – Дубай бағытындағы әуе рейсінен екі жолаушыны түсіріп алды. Полицейлер тексеру кезінде 24 және 25 жастағы Ресей Федерациясының екі азаматшасын анықтады. Олар ұшаққа отырғызу кезінде масаң күйде болып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ұсталған азаматшаларда орташа дәрежелі алкогольдік масаңдық анықталды. Құқық бұзушылар алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бері көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін 30 871 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде 2339-ы алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін жаза арқалаған.

Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды