Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Malim Админ

  • 16.04.2025

Заңсыз жолмен алынған цифрлық активтер 143 млн теңгеден асады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 


Астанада 2022 жылдан 2024 жылдың мамырына дейін майнинг фермасын қозғалтқыштарды өңдеу орталығы ретінде жасырып, бір мегаполистің тұрғын ауданымен салыстырғанда айлық электр энергиясын тұтынған үш азаматқа қатысты айыптау үкімі шығарылды.

Заңсыз жолмен алынған цифрлық активтер 143 млн теңгеден асады.

Тінту барысында 1 257 асикмайнер (цифрлық активтерді өндіруге арналған жабдық), өнеркәсіптік салқындатқыш желдеткіштер мен трансформаторлық станция алынды, — делінген ҚМА хабарламасында.

Сот оларды ҚК 214-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, айыппұл салу жазасын тағайындады.

Сот шешімімен мемлекет пайдасына 900 млн теңгеден астам мүлік: 2 көлік («Toyota Camry», «Nissan Juke») және майнинг жабдықтары тәркіленді.

Сот қылмыстық табыс мөлшері ретінде 143,2 млн теңгені мемлекетке қайтаруды міндеттеді, — делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Фото: ҚМА 

Байланысты жаналықтар

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025
MalimBlocks
Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды