Бассейнге батқан 10 жасар қыздың өліміне кінәлі құтқарушы сотталды

Құтқарушы қызды бассейндегі ересектерге арналған жүзу залына өткізген

Malim Админ

  • 27.11.2024

Атырауда «Мұнайшы» стадионындағы бассейнге 10 жасар қыз батып кеткен еді. Сот үкімімен жасөспірімді ересектер жүзетін залға жіберген құтқарушыға шартты жаза берілді.


Бұл оқиға 14 шілдеде болған. Осы оқиғаға байланысты құтқарушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл іс Атырау қаласында №2 сотта қаралды.

Сот материалындағы дерекке қарағанда, «Мұнайшы» спорт кешеніндегі ЖШС-нің құтқарушысы өзіне жүктелген қауіпсіздік міндеттерін сақтамаған. Ол 10 жасар қызды бассейндегі ересектерге арналған жүзу залына өткізген.

«Онда жасөспірім бассейннің тереңдігі 5,5 метр болатын қауіпті бөлігінде жүзуге барған. Жүзе алмағандықтан қыз бала бассейнге батып кеткен. Құтқарушы тарапынан бұған дер кезінде назар аударылмаған. Шұғыл түрде көмек көрсету бойынша қауіпсіздік талаптары сақталмай, абайсызда жасөспірімнің өлiмiне әкеп соққан», -деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Прокурор мен сотталушы арасында кінәні мойындау туралы процестік келісім жасақталды. Жәбірленуші тарап келісім шарттарымен келісті.

«Үкім қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін барлық мән-жайлар ескеріле отырып, келісімдік іс жүргізу тәртібінде шығарылды. Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Аталған құжаттың 63-бабын қолданылып, сотталушыға жаза шартты түрде берілді», - мәлім етті соттан. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: ernur.kz 

Байланысты жаналықтар

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025
MalimBlocks
СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ