Шетелдіктерге елде тұруға рұқсат бермеу себебін түсіндірмеу заңға қайшы емес – Конституциялық сот

Констициялық сотқа осы заңның Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш түскен

Мәди Саматұлы

  • 22.12.2024

Конституциялық Сот «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 14-бабы 2-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексере келе, уәкілетті органның тұрақты тұруға рұқсатты келісуден бас тартуды түсіндірмеу құқығы туралы норманы тексеру үшін жол берілген шарттар анықталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Осы нормаға сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдары шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат беруді келісуден бас тартуға негіз болған себепті түсіндірмеуге құқылы.

Өтініш иесі мұндай тұжырым ұлттық қауіпсіздік органдарына ерікті түрде әрекет етуге мүмкіндік береді деп санайды.

Шын мәнінде, өтініш берудің себебі ол баға бермейтін нақты жағдайлар болды. Заңға сәйкес мұндай мәселелерді зерттеу және тексеру уәкілетті органның өзі мен соттың құзыретіне кіреді. Өтініш иесі өзінің сотта қорғау құқығын пайдаланды, деп жазылған коституциялық сот мәлімдемесінде.

Өтінішті алдын ала қарау нәтижелері бойынша Конституциялық Сот бұл норманың Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін жол берілген шарттардың анықталмағанын хабарлады.

Фото: Мәди Саматұлы

Байланысты жаналықтар

Көбі Қытайдан келген: Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейді?

27.03.2025

Президенттікке 6 жыл: Тоқаевтың саяси бастамалары мен реформаларынан не күтеміз

20.03.2025

Алматыда шетелдіктен 2 мыңдай sim-карта тәркіленді

30.01.2025

Отандасының 69 млн теңгесін ұрлаған шетелдік ұсталды

17.01.2025

Астананың екі тұрғыны шетелдіктерге жалған құжат жасаумен айналысқан

16.01.2025

Шетелдіктердің заңсыз көші-қонын ұйымдастырған үш топ ұсталды

16.01.2025
MalimBlocks
Көбі Қытайдан келген: Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанға шетелден келген жұмысшылар статистикасын ұсынды

Президенттікке 6 жыл: Тоқаевтың саяси бастамалары мен реформаларынан не күтеміз

Мемлекет басшысының осы жылдар ішінде елімізді оң өзгерістерге бастайтын: атқарушы билікке берілген тапсырмалары, бастамалары, ұсыныстары көптің көкейінен шығып жатқаны анық

Алматыда шетелдіктен 2 мыңдай sim-карта тәркіленді

Отандасының 69 млн теңгесін ұрлаған шетелдік ұсталды

Бизнесін сатпақшы болып сеніміне кірген

Астананың екі тұрғыны шетелдіктерге жалған құжат жасаумен айналысқан

Олардан 107 мың доллар, 2,5 млн теңге және 200 мың рубль тәркіленді

Шетелдіктердің заңсыз көші-қонын ұйымдастырған үш топ ұсталды

Барлық дерек бойынша 20-дан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр