Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Лифтідегі оқиға. 5 жасар баланың бетін тілген жасөспірімнің қайда екені айтылды

Оқиға
Лифтідегі оқиға. 5 жасар баланың бетін тілген жасөспірімнің қайда екені айтылды

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Астанада психикалық денсаулығы нашар жасөспірімнің 5 жастағы балаға шабуыл жасаған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz. 


Динара Закиева жасөспірімнің қазір қайда екенін айтты. 

Кеше аймақтық комиссармен бірге жәбірленуші балаға барып, жағдайын білдік. Баланың жағдайы тұрақты, барлық қажетті көмек көрсетілуде. Сондай-ақ, Астана бойынша өңірлік уәкіл А. Т. Бимендина баланың анасымен үнемі байланыста отыр. Ал шабуыл жасаған бала денсаулық сақтау жүйесінің мекемесіне орналастырылды. Баланың анасы жауапкершілікке тартылды», - деді бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Оның айтуынша, қазіргі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Еске салайық, Астанада психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жасөспірім лифтте баланың бетіне пышақ жарақатын салған еді. Қазіргі таңда зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. 

Фото: видеодан кадр 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу