Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

LRT ісі: Тасмағамбетов пен Сағынтаевты сотқа шақыру талап етілді

Саясат
LRT ісі: Тасмағамбетов пен Сағынтаевты сотқа шақыру талап етілді

LRT ісі бойынша апеляциялық сот отырысында адвокат Сәуле Ақатова бірқатар жоғары лауазымды шенділерді куәгер ретінде шақыруды сұрады.

Айыпталушы Рашид Аманжоловтың қорғаушысы Сәуле Ақатова қыркүйектің 7-і күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен сот отырысында соттан бұрынғы премьер-министрлер Серік Ахметов пен Иманғали Тасмағамбетовті, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешовты, Қазақстанның Нидерландтағы елшісі Асқар Жұмағалиевті, Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаевты және президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Әділбек Жақсыбеков пен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры директорлар кеңесінің төрағасы Болат Жәмішевті куәгер ретінде шақыруды сұрады.

Бірақ адвокаттың бұл сұранысына прокурор қарсылық білдірді. Ол іс бойынша дәлел толықтай жинақталғанын алға тартты.

Сәуле Ақатованың ұсынысын адвокат Жанат Абдрахманов, Оразалин Нұрлан да қолдады.

«Астана LRT» ісі бойынша 5,8 миллиард теңге қаржы жымқырды деген айыппен жеті адам 7 жылдан 10 жылға дейін сотталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу