Әкесінің қырқын, жылын беруден бас тартқан: имам не дейді?

Жақындарын да түрлі рәсімдерді өткізуден бас тартуға шақырған

Malim Админ

  • 07.03.2025

Ел-жұртты дүрліктірген видеоға қатысты Жылыой ауданының имамы Жасұлан Қазғали түсініктеме берді, - деп хабарлайды Malim.kz.

Жылыой ауданының тұрғыны әкесіне арналған дәстүрлі ас беруден бас тартып, бұл туралы әлеуметтік желіде мәлімдеген. Ол жетісі, қырқын, жылын бермейтінін, сондай-ақ көңіл айту рәсімдерін өткізбейтінін айтып, жақындарын да түрлі рәсімдерді өткізуден бас тартуға шақырған.  

Әкем мен Алла осыған разы болады. Дұға оқығыңыз келсе, мешітке барыңыз, — деді ол.

Аталған видео әлеуметтік желіде тарап, қоғамда түрлі пікір тудырды. Осыған байланысты Жылыой ауданының имамы Жасұлан Қазғали түсініктеме берді.

Бұл видео бес жыл бұрын, COVID-19 пандемиясы кезінде түсірілген. Сол кезде Құлсары қаласының бір тұрғыны маған келіп, халыққа азық-түлік таратуға көмектесуімді сұрады. Себебі карантинге байланысты адамдар жинала алмайтын еді. Біз мұқтаж жандарға жәрдем беруге келісіп, сол кезде осындай шара жасадық, - деп түсіндірді имам.

Жасұлан Қазғали қазіргі уақытта кейбір адамдар бұл видеоны имамдарға қарсы қоғамдық пікір қалыптастыру үшін әдейі пайдаланып жатқанын атап өтті.

Жалған ақпаратқа сенбеңіздер, қандай да бір мәліметті таратпас бұрын, оның рас-өтірігін тексеріңіздер, - деді ол. 

Фото: видеодан кадр 

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

08.05.2025

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

30.04.2025

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

29.04.2025
MalimBlocks
Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды