Алматыдағы жартылай марафондағы қайғылы оқиға: министрлік жаңа дерек айтты

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыда өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушының қайтыс болуына байланысты пікір білдіріп, жаңа дерек айтты

Сұлу Бөлек

  • 20.04.2025

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыда өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушының қайтыс болуына байланысты пікір білдіріп, жаңа дерек айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Министр Instagram-парақшасында осы оқиғаның ерекше назар аударуды талап ететінін атап, қазір осы инцидент бойынша жан-жақты тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.

"Қатысушылардың денсаулық жағдайы, жарыстарды ұйымдастыру, медициналық қамтамасыз ету деңгейі және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы тексеріліп жатыр. Мұндай іс-шараларды өткізу талаптары күшейтіледі, оларды ұйымдастыруда жергілікті атқарушы органдар жоғары стандарттарға сай жұмыс істейтін болады. Жаппай спорт қауіпсіз болуға тиіс және жоғары деңгейдегі ұйымдастыру талаптарына сай келуі керек", – деп жазды Мырзабосынов әлеуметтік желіде.

Ведомствода сондай-ақ, Туризм және спорт министрлігі бұл мәселе бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеп, оларды тиісті құрылымдарға жіберетінін мәлімдеді.

Еске салайық, Almaty Half Marathon жартылай марафоны кезінде бүгін екі қатысушы қайтыс болды. Олар 21,1 км қашықтықты жүгіріп өткен және Алматыдағы спорттық шараларға тұрақты түрде қатысатын болған.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Мысырда қазақстандық әйел қаза тапты

18.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Ұлытау ұлы рухпен алға озды: «Ұлы дала жорығы-2025» мәресіне жетті

15.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025
MalimBlocks
Мысырда қазақстандық әйел қаза тапты

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Ұлытау ұлы рухпен алға озды: «Ұлы дала жорығы-2025» мәресіне жетті

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған