Атырауда блогерлер балағаттаған күзетші көз жұмды

Күзетшінің артында үш баласы қалды

Malim Админ

  • 29.08.2024

 «Мемлекеттік сараптама орталығы» мемлекеттік мекемесінің күзетшісі жұмыс орнында болған оқиғадан кейін денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға түскен. 56 жастағы ер адам көп ұзамай көз жұмды.

«Патриот» телеграм арнасының мәліметінше, мекеме күзетшісі Хәкім Иманиязовтың артында үш баласы қалды.

Мекемеге бірнеше адам келіп, бірқатар заң бұзушылықтарды айтып, телефонның камерасына түсіре бастайды. Олар өздерін блогер деп таныстырған. Мемлекеттік тудың жоғын, турникеттің жұмыс істемейтінін, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмағанын айтып, мекеме басшысын шақыртады. Тіпті, өз беттерімен ғимаратқа кірмек болады. Бұларды турникеттен ары қарай өткізбеген күзетшіні балағаттап, жанжал шығарған. Оның аяқ-киіміне тиісіп, «сен кімсің?», « бомжсың ба?», «сен еркек емессің»  деп тіл тигізген. Осыдан кейін Иманиязовтың жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем шақыртады.

«Патриот» телеграм арнасына берген сұқбатында күзетшінің әйелі Мариям өзінің қызметтік міндетін атқарған күйеуіне қорлық көрсеткен блогерлерді жауапқа тартатынын айтты.

«Мемлекеттік сараптама орталығы» мемлекеттік мекемесі олардың үстінен полицияға арыз түсірді. Оқиғаның бейнежазбасы тергеушіге берілді.

Фото: Видеодан скрин 

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

30.04.2025

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

29.04.2025

Басы дауға қалған блогер Daricorn баланың отбасынан кешірім сұрады

27.04.2025

Атырауда RAMS құрылыс алаңында өрт шықты

24.04.2025
MalimBlocks
Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

Басы дауға қалған блогер Daricorn баланың отбасынан кешірім сұрады

Атырауда RAMS құрылыс алаңында өрт шықты