Бетінен ұрып, ернін жарып жіберген». Банкоматта кезекке таласқан екі әйел төбелесті

Сабина Асқарқызы

  • 02.03.2025

Ақтөбе облысында банкомат маңында кезекке байланысты жанжал туындап, 22 жастағы күдікті сатып алушыны аяусыз соққыға жықты, деп хабарлайды Malim.kz.  

Сот мәліметінше, оқиға бірнеше адам тұрған супермаркеттегі банкоматтардың жанында болған. Бір әйел қызға кезекте тұру ережесін сақтауды айтып, ескерту жасаған. Бойжеткен әйелдің ескертуін ұнатпай, оны сауда алаңының кіреберісінде күтіп тұрған. Шыққан соң әйелді ұрып соққан. 

Аталған жағдай бойынша сот отырысы өтті. Қызға бұзақылық жасады деген айып тағылды. Ол өз кінәсін мойындап, әйелдің оның қолын көгерткенін айтты.

Банкоматтың алдында тұрғанбыз, мен оған кезекті сақтау керек деп ескерттім. Ол артқа шегініп, айқайлай бастады. Кейін мені сыртта күтіп тұрды да, көшеге шығуға шақырды. Мен бас тартқан соң, басымнан, бетімнен ұра бастады, ернімді жарып жіберді, көзімнің астында гематома пайда болды, - дейді жәбірленуші.

Зардап шеккен әйелдің айтуынша, оның саудасы бас ауруы және остеохондрозбен аяқталған. Жәбірленуші медициналық ем-домға 260 мың теңгеге жуық қаражат жұмсағанын айтты. Дәрігерлер оған ұзақ мерзімді ем тағайындаған. Әйел 1 миллион теңге моральдық шығын өтеуді талап етті.

Сот 22 жастағы қызды бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, алты айға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Сотталған қызға жұмыстан кейін ойын-сауық мекемелеріне баруға тыйым салынды. Сондай-ақ жәбірленушіге заң қызметі үшін 800 мың теңге және моральдық шығын үшін 100 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Фото: SensorSpot/Getty Images

Байланысты жаналықтар

«Қызғаныш». Жаңөзенде шетелге оқуға түскен жасөспірімді сыныптастары ұрып тастады

18.04.2025

Жаңаөзенде оқушылар сыныптасының жетістігіне қызғанып, оны соққыға жыққан

18.04.2025

Ақтөбеде тозығы жеткен тергеу абақтысына адам сыймай жатыр

18.04.2025

Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойылды

17.04.2025

Шерзат Болаттың өліміне себеп болған төбелес қалай басталған?

17.04.2025

Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай төбелес шығарды

13.04.2025
MalimBlocks
«Қызғаныш». Жаңөзенде шетелге оқуға түскен жасөспірімді сыныптастары ұрып тастады

Жаңаөзенде оқушылар сыныптасының жетістігіне қызғанып, оны соққыға жыққан

Оқиға зардап шеккен оқушының үйінің маңында болған

Ақтөбеде тозығы жеткен тергеу абақтысына адам сыймай жатыр

Себебі әбден тозығы жеткен ғимараттың бір бөлігі мүлдем жабылған

Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойылды

Шерзат Болаттың өліміне себеп болған төбелес қалай басталған?

Прокурор сотта оқиғаның мән-жайын баяндады

Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай төбелес шығарды

Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай төбелес шығарды