Бүгін Талдықорғанда Шерзат Болаттың соты өтеді

Ашық сот түскі сағат 12:00 басталады. Қаладағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот бөлімінде өтеді

Сұлу Бөлек

  • 10.04.2025

Ашық сот түскі сағат 12:00 басталады. Қаладағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот бөлімінде өтеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қазір 50-ге жуық журналист сотқа қатысуға сұраныс білдірген. Сот залы шағын болғандықтан онлайн көру мүмкіндігі болады.

Жантүршігерлік оқиға Талғар қаласында болғанымен, алғашқы сот процесі Жетісу жерінде өтпек. Жоғарғы сот өкілдері, отырыстың Талдықорғанда өтуіне себебін: айыпталған 9 адам осы қаладағы тергеу изоляторында уақытша қамауда деп түсіндірді.

Құқық қорғаушы Мейірман Шекеевтің сөзіне сүйенсек, сот жиыны БАҚ өкілдеріне ашық өткенімен, атышулы Қуандық Бишімбаевтың ісі секілді онлайн трансляция қарастырылмаған. Себебі қоғам арасында үлкен дау тууы мүмкін әрі айыптаушылардың құқығын ескерген абзал.

"Сот отырысы Талдықорғанда өтеді, өйткені айыпталушылардың басым бөлігі сол жақта тұрады. Істі Алматы облыстық соты қарайды. Алдағы уақытта сот тыңдаулары Қаскелеңде өтуі мүмкін. Қазіргі тыңдау — алдын ала кезең ретінде қарастыралы", - дейді Мейірман Шекеев.

Шерзат Болаттың отбасының заңды мүддесін Мейірман Шекеев жетекшілік ететін алты қорғаушы қорғайтын болады. Олар – Жандос Палманов, Әлім Мұстафаев, Дина Досаева, Нұрболат Ібраев, Бақдат Амандосұлы және Бекзат Мязов. Бүгінде істі Бишімбаевтың соты сияқты жалпыхалыққа түсіндіре отырып, өтуін сұрап отырғандар көп. Олардың ішінде айыптаушыларға жеңіл жаза беріле ме деген пікір де жүр.

"Ел ішінде Бишімбаев соты көпті ойландырды. Заңның қуатын сезінді, бұл оқиға да халыққа сондай әсер береді. Жастардың өз қателігінен сабақ алуға мәжбүрлейді. Адамды азаптап өлтірудің жазасы ауыр екенін сезіндіреді", - дейді қала тұрғыны Лаура Сарқынбаева.

Еске салайық, 2024 жылғы 4 қазанда Талғарда жасөспірім қатыгездікпен өлтірілді.16 жастағы Шерзат Болат әкесіне дүкенде көмектесіп жүрген кезде сатып алушымен жанжал басталған. Сатып алушы таныстарына хабарласып, олар келіп, Шерзатты, оның әкесін және ағасын пышақ және мылтық қолданып, соққыға жыққан.

Фото: Әлеуметтік желіден 

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған