Кісі қолынан өлген Сайлыбаеваның енесі қайда жүргені анықталды
Күйеуі мен баласының қайда жүргенін анықтау тергеу амалдарында қарастырылмаған
Тергеу барысында қайтыс болған Айгүл Сайлыбаеваның енесі шетелде жүргені анықталды. Бұл туралы Kazinform тілшісі өмірі қиылған жерлесіміздің ісіне қатысты ақпарат алу үшін Германия прокуратурасына сауал жолдады.
«Тергеу амалдары жалғасып жатыр және қосымша айғақтарға талдау жасау қажет. Бұл ретте, қазір тергеу аяқталмайды. Сонымен қатар, қамауға алынған күдіктілер жоқ. Марқұмның (А. Сайлыбаеваның) енесі қазір шетелде болуы мүмкін деген мәлімет бар. Күйеуі мен баласының қайда жүргенін анықтау тергеу амалдарында қарастырылмаған, сондықтан біз бұл мәселе бойынша ешқандай ақпарат бере алмаймыз», - деп атап өтілген прокуратура өкілі Йенс Нойбауэрдің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Еске сала кетейік, азаптап өлтірілген экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті Германиядан табылған болатын.
Фото: Қанат Сайлыбаевтың жеке архивінен