Наурыз мерекесінде ауыр жарақат алған жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

Павлодар облысының Ақсу ауданында Наурыз мерекесін тойлау кезінде аттан құлап, ауыр жарақат алған жасөспірімге дәрігерлер шұғыл операция жасады

Сұлу Бөлек

  • 22.03.2025

Павлодар облысының Ақсу ауданында Наурыз мерекесін тойлау кезінде аттан құлап, ауыр жарақат алған жасөспірімге дәрігерлер шұғыл операция жасады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ulysmedia.kz-к сілтеме жасап. 

2008 жылы туған бала бас ми жарақатымен облыстық балалар ауруханасына түсті. Операция жасалып, кешенді емдеу шаралары жүргізілді. Қазір баланың жағдайы тұрақты. Ол дәрігерлердің ұдайы бақылауында, қарқынды терапия жүргізіледі.

"Мамандар барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр", – деді Ақсу ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Эльмира Сапарғалиева.

Еске салайық, 21 наурызда Павлодар облысы, Ақсу ауданы, Қызылжар ауылында Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған “Құнан бәйгеде” 16 жастағы жасөспірімнің аты алып қашып, электр бағанына барып соғылған. Ауыр жарақат алған шабандоз жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Оған шұғыл ота жасалып, тиісті ем-дом көрсетілді. Дәрігерлердің айтуынша, қазір жасөспірімнің жағдайы тұрақты.

Фото: Informburo.kz

Байланысты жаналықтар

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

11.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

08.05.2025
MalimBlocks
Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі