Қостанай облысында бір ауыл екі аптадан бері интернетсіз отыр

Ауыл халқы несиесін төлей алмай, жедел жәрдем шақыра алмай қалған

Мәди Саматұлы

  • 15.09.2024

Надеждинка ауылында интернет байланысы 1 қыркүйекте кенеттен жоғалып кеткен. Қарабалық ауданының «Айна» газетінің жазуынша, ауыл негізі «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС ұялы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету аумағына кіреді (Tele2 және Altel сауда белгілері). Алайда тұрғындардың көпшілігі «Мобайл Телеком-Сервис» жабдығы арқылы жұмыс істейтін «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) байланысын пайдаланады. Ақаулық соның станциясында болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Салдарынан ауылда сигнал жоғалып кеткен. Жақын арада оны қалпына келтіруге уәде берілгенімен, ол әлі орындалмаған. Ал ауыл халқының арзанға түспейтін тарифтерді құр төлеп отыруға зауқы жоқ. Сайып келгенде, не несие төлей алмайсың, не қоңырау шала да алмайсың. Адамға шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайлар да болған.

Жергілікті тұрғынның айтуынша, дәрігерлерге хабарласып, науқасты аудан орталығына апаруға көлік табу үлкен проблемаға айналған.

Ал балалар интернет іздеу үшін электр қосалқы станциясының жанына жиналатыны әдет болып юарады. Себебі, ауылдағы Beeline қолайлы ұстайтын жалғыз орын сол жер.

Өткен аптада екі тұрғын байланыс инспекциясына өтініш жібергенімен, ол да үнсіз қалған.

Фото: instagram/ainanews.kz

Байланысты жаналықтар

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

10.05.2025

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

02.05.2025

Ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңге беріледі

29.04.2025

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

26.04.2025

Қостанайлық шенеунік күзетшіні балағаттап тастаған

22.04.2025

Қостанайда салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді

20.04.2025
MalimBlocks
Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

Ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңге беріледі

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

Қостанайлық шенеунік күзетшіні балағаттап тастаған

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы даулы видеоға қатысты пікір білдірді

Қостанайда салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді

Қостанайда салмағы шамамен 7 келі, бойы 60 сантиметрден асатын алып сәби дүниеге келді