Қостанай облысында жылу қазандығы жарылысынан зардап шеккен адам көз жұмды

Науқас шұғыл түрде санавиациямен Қостанай облыстық ауруханасына жеткізілген болатын

Malim Админ

  • 08.11.2024

Қостанай облысы Амангелді ауылында жылу қазандығы жарылысынан зардап шеккен тұрғын көз жұмды,- деп хабарлайды Malim.kz.  


1969 жылғы азамат 7 қараша күні сағат 22:30-да ол шұғыл түрде санавиациямен Қостанай облыстық ауруханасына жеткізілген болатын.

"Өкінішке орай, бүгін сағат 01:00-де Амангелді ауданындағы қазандықтың жарылуы салдарынан зардап шеккен азамат алған жарақатынан есін жимай, қайтыс болғанын хабарлаймыз. Тасымалдау кезінде науқаспен бірге реаниматологтар мен нейрохирургтар бригадасы болған. Жансақтау бөліміне жатқызылғаннан кейін науқас медициналық хаттамаға сәйкес емделді. Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз",-делінген Қостанай облыстық әкімдігінің хабарламасында. 

Айта кетейік, 6 қараша күні Қостанай облысына қарасты Амангелді ауылында мәдениет үйінің бөлек орналасқан қазандығы жарылып, ғимарат қирап қалды.   Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше,  үйінді астынан 55 жастағы ер адам құтқарылды.  "Аман-су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қарасты N2 қазандық 2 қабатты үш тұрғын үйді және әкімшілік ғимараттарды (сот, мұражай, мәдениет үйі) жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. Сол қазандықтағы 2022 жылы орнатылған жылу қазандығы жарылып, оқыс оқиға болды.

Фото: egemen.kz 

 

 

Байланысты жаналықтар

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

12.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025
MalimBlocks
СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды