Бишімбаев ісі: Сот отырысын кез келген адам онлайн-трансляция арқылы көре алады

Malim Админ

  • 27.03.2024

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырыстарынан ашық онлайн-трансляция ұйымдастырылады. Бұл туралы Жоғарғы соттың коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақас хабарлады.

- Өздеріңізге мәлім, Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот талқылауына қоғамның қызығушылығының артқанын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарынан ашық онлайн-трансляция ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Осылайша, онлайн-трансляция арқылы кез келген адам, соның ішінде БАҚ өкілдері бұл сот процесінің барысын бақылай алады. Бұл шешім сот талқылауының ашық әрі жариялы болғанын және жалғасатынын білдіреді, - деп жазды ол.

Сондай-ақ, процеске қатысушылардың көптігін ескере отырып, отырыстан онлайн-трансляция жүргізілетін қосымша екі зал ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыз: «Бәрін сот шешеді»: Бишімбаевтың анасы қандай үкім әділ деген сұраққа жауап берді

Бүгін Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер алқасына кандидаттарды іріктейтін жабық отырыс басталды. Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі және 2 қосалқы) алқабилер алқасы құрылады.

- Алқабилерді іріктеуден кейін бірден Жоғарғы Соттың ресми аккаунттарында алқабилерді іріктеу нәтижесі туралы БАҚ-тың қатысуымен ашық режимде келесі сот отырысының күні мен уақыты көрсетілген баспасөз хабарламасы жарияланады, - делінген хабарламасында.

Перизат Сәдуақас онлайн-трансляцияның сілтемесі де қоса жарияланатынын да ескертті. Сонымен қатар, сот залының сыйымдылығына байланысты  тек  10-15 оператордың кіруіне рұқсат берілді.

 

ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер Айша бибі кесенесі маңындағы ғимараттарды заңсыз иемденген

27.03.2025

Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты үкім шықты

19.03.2025

Азаттық радиосы АҚШ ғаламдық медиа агенттігін сотқа берді

19.03.2025

Қуандық Бишімбаевтың үстінен арыз түсті

18.03.2025

Алматылық ер адам ChatGPT көмегімен сотта жеңіп шықты

18.03.2025

Бишімбаевті соттаған судья тағы да көзге түсті

17.03.2025
MalimBlocks
Кәсіпкерлер Айша бибі кесенесі маңындағы ғимараттарды заңсыз иемденген

Кәсіпкерлерге "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени мұражай-қорығы аумағында заңсыз иемденген ғимараттарды босату міндеттелді

Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты үкім шықты

Сот шешімімен үш жасөспірім арнайы мектептерге жіберілді.

Азаттық радиосы АҚШ ғаламдық медиа агенттігін сотқа берді

Азаттық радиосы АҚШ ғаламдық медиа агенттігі мен оның лауазымды тұлғаларын сотқа берді

Қуандық Бишімбаевтың үстінен арыз түсті

Алматылық ер адам ChatGPT көмегімен сотта жеңіп шықты

Ол талап арыз және басқа да құжаттарды ChatGPT арқылы әзірлеген

Бишімбаевті соттаған судья тағы да көзге түсті