«Жағдай өте күрделі»: Бектенов министрлер мен әкімдерге бірқатар міндет жүктеді

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында ТЖ режимі сақталып отыр.

Malim Админ

  • 07.04.2024

Атырауда Премьер-министр Олжас Бектеновтің жетекшілігімен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оған бейнеконференцбайланыс режимінде министрліктер мен облыс әкімдіктерінің басшылығы қосылды, - делінген Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Су тасқыны жағдайы тұрақталғанша өңірлерге жіберілген вице-премьерлердің су тасқынына байланысты қазіргі ахуал туралы баяндамалары тыңдалды. Бүгінгі таңда 10 облыста: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында ТЖ режимі сақталып отыр. Қазір жалпы еліміз бойынша 15%, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде шамамен 40% аумақты қар басып жатыр.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 12 мыңнан астам адам, 800-ден астам техника, 400-ге жуық су айдау және жүзу құралы жұмылдырылды. ТЖ аймақтарынан 70 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Сонымен қатар отырыста Ауылшаруашылығы министрлігінің ақпараты тыңдалды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде су басқан өңірлерде 60 мыңнан астам мал басы қауіпсіз учаскелерге көшірілді. Оған қоса су басқан аймақтарда эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін министрліктің Республикалық эпизоотияға қарсы жасағы облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жануарлардың өлекселерін жинау және жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда 1013 бас, оның ішінде 133 ІҚМ, 809 ұсақ мал басы, 64 жылқының өлексесі жойылды.

Су тасқынына қатысты жағдай өте күрделі. Президент су басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету міндетін қойды. Қалалар мен ауылдардың тыныс-тіршілігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету қажет. Тұрғындарды керекті нәрселердің барлығымен қамту керек. Бақылауды күшейтіп, азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырамын. Ондай фактілердің жолын кесу керек. Қазір бірқатар өңірде залалды өтеу және өтемақы төлеу жұмыстары басталды. Бұл жұмысты бюрократияға салмай, жедел түрде мүмкіндігінше ашық жүргізу керек. Ешкім көмексіз қалмауы керек. Әкімдер жағдайды ерекше бақылауда ұстасын. Коммуналдық кәсіпорындар мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Халыққа барлық қажетті қызметтерді сапалы және үздіксіз негізде көрсету қажет, - деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр, Штаб жетекшісі Олжас Бектенов министрлер мен әкімдерге келесідей тапсырмалар берді:

Денсаулық сақтау министрлігі су басқан аймақтардағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды, атап айтқанда, ауыз судың сапасын бақылауды күшейтуі керек;

Ауыл шаруашылығы министрлігі эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермей, үй және жабайы жануарларға қажетті ветеринариялық бақылауды қамтамасыз етуге тиіс;

Ішкі істер министрлігі эвакуацияланған халықтың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы қажет;

әкімдіктер эвакуациялық пункттердегі халықты қажетті заттардың барлығымен қамтамасыз етіп, сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстары кезеңінде оларды уақытша орналастыру мәселесін пысықтауы қажет.

Жұмыс жалғасуда. Елдегі су тасқыны жағдайы – штабтың тұрақты бақылауында, - делінген хабарламада.

ҚР ТЖМ-ның соңғы ұсынған дерегіне сәйкес, елімізде 3702 жеке тұрғын үйді, 562 аула аумағын, 1822 саяжай үйі және әртүрлі мақсаттағы 73 ғимаратты, сондай-ақ 155 автожолды су басты.

Фото: primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

30.03.2025

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

29.03.2025

Жамбыл облысында жер сілкінісінен 23 ғимарат зақымдалған

28.03.2025

Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

28.03.2025

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

27.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевқа шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

Атырау облысы Құлсарыдағы емхана қызметкері қанды қылмыстың құрбаны болды. 33 жастағы күдікті бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып, сол жерде бауыздап тастаған

Жамбыл облысында жер сілкінісінен 23 ғимарат зақымдалған

Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

Үкімет басшысы мәжілісмен Магеррам Магеррамовтың депутаттық сауалына жауап берді

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды