Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өтірік баға қойған Еуразия университетінің мұғалімдері ұсталды

Оқиға
Өтірік баға қойған Еуразия университетінің мұғалімдері ұсталды

«Еуразия университеті» коммерциялық емес білім беру мекемесінің (НКОУ ЕУ) үш оқытушысы ресми құжаттарды қолдан жасап, ұсталдыдеп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) баспасөз орталығы хабарлады.

Тергеу барысында оқытушылардың өз өкілеттіктерін теріс пайдаланып, білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын бұза отырып, лекциялар мен сессияларға жүйелі түрде қатыспаған студенттердің есеп-қисап және емтихан ведомостарына заңсыз түрде бағалар (балдар) енгізгені анықталды.

Заңсыз әрекеттерге барлығы 19 оқытушының қатысы бар екені белгілі болды. Солардың үшеуі — К.А.М., К.Н.А. және Э. уулу У. ұсталып, МҰҚК тергеу изоляторына қамалды.

Бұған қоса, тексеріс кезінде 287 жоғары білім туралы дипломның заңсыз берілгені анықталды. Бұл дипломдар жойылатын болады.

МҰҚК ескертеді: парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар кез келген тұлға, оның лауазымы мен мәртебесіне қарамастан, міндетті түрде жауапкершілікке тартылады.

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу