Әшімбаев арызын Аймағамбетовтің орнына Тоғжанов тыңдады

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев палата отырысы кезінде қазақстандық жас мамандардың дайындық сапасына күмәнмен қарайтынын және бұл мәселені тез арада шешу керегін айтты.

Ақниет Аманжолқызы

  • 26.05.2022

Сенатор білім саласына қатысты ескертулері мен сыни пікірін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке емес, вице-премьер Ералы Тоғжановқа айтты. Себебі бүгінгі отырысқа Аймағамбетов келмеген екен. Ол қазір президент Тоқаевпен бірге Бішкекте жүр.

Әшімбаев Дүниежүзілік банк пен өзге де ұйымдардың зерттеулері нәтижесінде отандық мамандардың дайындығы нашар екендігін және бәсекелестік қабілеті Экономикалық ынтымақтастық және дамуы ұйымындағы өзге елдер мамандарынан төмен екендігін баса айтты. Бұл әсіресе Жоғарғы оқу орындары мен колледж түлектеріне қатысты.

«Жалпы алғанда, алдағы жылдары еңбек және білім беру саясатын қарастырғанда біз осы жағдайларды ескеруіміз керек. Жоғарғы оқу орындары мен колледж түлектерінің біліктілігін арттырып, олардың сапалы жұмыс істегені керек. Қазіргідей өзін-өзі жұмыспен қамтушылар қатарын көбейтіп жүрмесін», - деді Әшімбаев.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда штаттағы университет ұстаздары шамамен 200 мың теңгеден жоғары жалақы алуы тиіс. Ал колледж ұстаздарының жалақысы 80 мың теңгеден басталады. Алайда соңғы бір-екі жылда мектеп мұғалімдерінің жалақысы өскенінің әсерінен университет пен колледж мұғалімдері мектепке ауыса бастаған. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігіне қоғам тарапынан сыни пікірлер айтылған. Бірақ сенат спикері жас мамандардың біліктілігі туралы сөз қозғағанымен, оларға білім беріп жатқан педагогтер туралы айтқан жоқ.

Әшімбаевтың сынына іліккен тағы бір мәселе алдағы 10 жылдықта жас мамандарды саны көбеймек. Қазірдің өзінде әр жыл сайын еңбек нарығына 350 мың жас маман келсе, алдағы жылдары ол көбейе бермек. Себебі Қазақстанда туу көрсеткіші жыл сайын өсіп келеді. 2003жылы 247 мың бала дүниеге келсе, былтыр 446 мың сәби келген.

Байланысты жаналықтар

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

06.05.2025

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

06.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025

Қазақстандық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

02.05.2025

Аймағамбетов магистратура мен докторантураға түсу талабын өзгертуді ұсынды

23.04.2025

Атырауда университет жатақханасының ғимараты опырылды

22.04.2025
MalimBlocks
Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

Жиын барысында қыз баланың инабаттылығы, киімі мен жүріс-тұрысы туралы уағыз-насихат айтылған

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

Қазақстандық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

Аймағамбетов магистратура мен докторантураға түсу талабын өзгертуді ұсынды

Атырауда университет жатақханасының ғимараты опырылды

Атырауда университет жатақханасының ғимараты опырылып түсті