"Ахметов журналистерді сотпен қорқытып отыр"

Malim Админ

  • 24.06.2021

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов журналистерді сотқа беремін деп қорқытып отыр. Бұл жөнінде «Әділ сөз» баспасөзді қорғау қоры мәлімдеді.

Маусымның 24-і күні тараған мәлімдемеде ұйым Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мүддесін қорғайтын «Ар-Бедел» қоғамдық қоры  Exclusive.kz сайтынан 21 маусымда жарияланған «Почему Елбасы не стал ссориться с Абаем» және «Национальная буржуазия обьявила войну «агашкам»?» атты видео мен мақаланы өшіріп, терістеуді талап еткен. Аталмыш материалдарда Шығыс Қазақстан облысындағы «Абай арена» мәдени-спорт кешені туралы айтылған.

Шағымданушы тарап материалда «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен әкімінің беделіне нұқсан келтіретін, шындыққа жанаспайтын ақпараттар бар» деп есептейді.

«Әділ сөз» мәліметінше, «Ар-Бедел» қоры Exclusive.kz сайтына жолдаған шағымында ақпаратты терістеуі тиіс құжаттарды көрсеткен. Айғақ ретінде құжаттар тізімін келтірген. Бірақ құжаттардың өзін көрсетпеген.

«Ар-Бедел» қорының өкілі Альбина Бақтиярқызы БАҚ өкілдеріне «тізімде көрсетілген құжаттардың бар екенін және рұқсат етілсе журналистерге көрсететіндерін» айтты. Exclusive.kz сайтының бас редакторы Қарлығаш Ежанова «шешім құжаттарды көргеннен кейін қабылданатынын» мәлімдеді.

«Әділ сөз» қоры оқиғаны сөз бостандығының бұзылуы ретінде тіркеп, Exclusive.kz сайтына құқықтық көмек көрсететінін мәлімдеді.

 

Байланысты жаналықтар

Саясаттан кеткен Даниал Ахметов Парижде спортшыларға қолдау көрсетіп жүр

05.08.2024

Шығыс Қазақстан облысында әйелге найзағай түсіп, қаза болды

03.07.2024

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

24.04.2024

Шығыс Қазақстан облысында қуаты 3,3 балдық жер сілкінісі тіркелді

03.04.2024

Шешім журналистикасының зертханасы шақырады!

16.11.2023

Даниал Ахметовтың қызы 51,1 млн субсидия алды

04.07.2023
MalimBlocks
Саясаттан кеткен Даниал Ахметов Парижде спортшыларға қолдау көрсетіп жүр

Экс-әкім жеңіл атлеттермен кездесу өткізді.

Шығыс Қазақстан облысында әйелге найзағай түсіп, қаза болды

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өз қызметкерлері оқиға орнына шақырту алмағанын атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

Сейсмологтардың айтуынша, зілзала - 2 балл.

Шығыс Қазақстан облысында қуаты 3,3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көлінің шығысындағы Боран ауылында магнитудасы 3,3 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Шешім журналистикасының зертханасы шақырады!

19 қараша «Шешім журналистикасының зертханасы» жобасының екінші легіне қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталады

Даниал Ахметовтың қызы 51,1 млн субсидия алды

Даниал Ахметовтың қызы Әделия Ахметова Павлодар облысында өзінің ауыл шаруашылығын дамыту үшін 51,1 миллион субсидия алған,- деп хабарлайды Курсив.