Боранбаевтың Жақсыбековтен несі кем?

Боранбаев бас тартады, Жақсыбеков жалғастырады береді

Алмас НҮСІП

  • 19.07.2022
ҚФФ президенті Ә.Жақсыбеков "Қайрат" футбол клубында қонақта, 2019 ж./Фото: kff.kz

Алматыдағы басы даулы A-parking жүйесін өзгертіп, табысының басым бөлігін қала әкімдігіне өткізуге дайындалып жатқанда, астанадағы көлік тұрақтары тура сол жүйе бойынша жұмысын кедергісіз жалғастырып жатыр. Бұған дейін көшеде дұрыс қойылмаған көлікті жолполдың қатысынсыз компанияның жылжымалы бақылау камералары арқылы анықтап, айыппұл салу екі қалада да болған. Бағалары да бірдей – сағатына 100 теңге. Көліктердің тұрақта қанша уақыт тұрғанын анықтау да көлікте орнатылған камералар (жылжымалы бақылау) арқылы жүзеге асатын. Бірақ, әңгіме бұл жүйедегі ұқсастықта емес.

Алматыдағы көлік тұрақтары қамаудағы олигарх Қайрат Боранбаевқа тиесілі екені белгілі. Қаңтар оқиғасынан кейін қала әкімдігі бұл тұрақтарды әкімдік балансына алу туралы айтқан. Біраз ел бұл өзгерістен кейін тұрақ бағасы арзандай ма деп те үміт күткен. Өйткені, сағатына 100 теңге төлеу – күні бойы кеңседе отырып жұмыс істейтін көлік иелері үшін өте қымбатқа түседі. Жұрт тұрғын үй кешендерінің аулаларын аралап, тегін тұрақ іздеп кеткенде біраз шу болған. Бірақ, сол кездегі әкім Бауыржан Байбек те, Боранбаев та бұл наразылықтарды елемеген (кейбір дереккөздер Алматы тұрағында Байбектің де үлесі бар екенін айтады).

Боранбаев ұсталған соң оның бұл бизнестегі үлесі әкімдікке қайтарылады дегенмен, әлі күнге әкімдік «Алматы спецтехпаркинг сервис» табысының 30 пайызын ғана иемденіп отыр. Әкімдік сәуірде жасаған мәлімдемесінде 70 пайызын тамыз айына дейін құжаттық түрде рәсімдеп боламыз деген. Алматының көлік тұрағын ұстап отырған екінші компания Alanparking компаниясының 100 пайыз табысын әкімдік бюджетіне бағыттау туралы құжаттар да тамызда шешілетін болған.

Көлік тұрағынан түсетін қаражат әкімдік бюджетіне берілсе, ол тұрақтар мен жолдардың жағдайын жақсартуға бағытталады деп күтіп отырғанда, Боранбаев жүйесінің «егізі» астана көшелерінен (ауадан?) ақша жасауды жалғастырып жатыр.

Қалалық мәслихат депутаты Алмат Жүнісов 6 маусымда ғана қала әкімдігі мен «Парковочное пространство Астаны» компаниясының арасындағы табысты бөлу туралы келісімді қайта қарау керек екенін айтып қалған. Бірақ, 2018 жылдан бері бар болғаны 5% табысты иемденіп отырған Көлгінов әкімдігі желтоқсаннан бастап иемденетін 25%-дық табысты қанағат тұтты ма екен, бұл туралы әлі күнге қандай да бір әрекет байқатпай тұр.

Shishkin_like YouTube арнасы өз зерттеуінде қаладағы көлік тұрақтарынан түскен қаржының 95 пайызын иемденіп отырған «Парковочное пространство Астаны» компаниясының түпкі иесі бұрынғы Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков екенін айтады. Тіпті, бұл компанияда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың да үлесі бар дейді.

«Компания 2015 жылдың ақпанында тіркелген. Protenge-нің жазуы бойынша, оны алғаш құрушылардың бірі сол кездегі Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің әйелі деген болжам бар. 2016 жылдың соңында компания Әділбек Жақсыбековтің туыс інісінің иелігіне өткен. 2014-2016 жылдары Әділбек Рыскелдіұлы астана әкімі болатын. ...Бүгінге дейін «Парковочное пространство Астаны» компаниясының иесі алты рет ауысқан, бірақ, жалпы алғанда белгілі бір адамдар бір бірін ауыстырып отырған».

Яғни, компанияны басқарған адамдардың бәрі Жақсыбековтің айналасынан көрініп жүргендер. «Цесна»; «Цеснабанк»; «Елбасы қоры» сияқты Жақсыбеков пен Назарбаевқа қатысты құрылымдарда жұмыс істеген, иелік еткен адамдар тобы елордадағы көлік тұрақтарының иесі кім екеніне сілтейді.

Боранбаев қамауда отыр, Жақсыбеков зейнет демалысында. Әрине, бостандықтағы адамның мүмкіндігі зор, Назарбаевтар әулетінің бұрынғы құдасы бас тартқан үлестен Жақсыбеков қалайша айрыла салсын! Екі жүйе бірдейлігіне қарамастан, бір қалада жұмысын тоқтатады да, екінші бір қалада ары қарай жұмыс істей береді. Екі қаладағы көлік тұрағы да уақыты бойынша қатар іске қосылған, екеуінің де негізгі табысын жеке кәсіпкерлер иемденеді, екеуінің иесі де атақты әрі ықпалды олигархтар. Әділбек Жақсыбеков Қазақстан футболын басқардым деп кеуде кере алмайды, Боранбаевта атақты клуб бар; Назарбаевқа жақын болдым деп айта алмайды, Боранбаев құда болған; байлық жағынан да Боранбаев асып түспесе кем түспейді... Онда неге басқа қалада жұмыс істеп тұрған керемет бизнестен өз еркімен бас тартады? Боранбаевтың Жақсыбековтен несі кем?

Бар гәп Боранбаевтың істі болып, Байбектің бой тасалап кеткенінде ғана ма? Әлде астанадағы тұрақтың артында шынымен экс-президенттің өзі тұр ма? Әлде Алматының жаңа әкімі Досаев Көлгіновке қарағанда "мықты" жұмыс істей ме?..

Байланысты жаналықтар

Назарбаевтың сенімді жақтастарының бірі Әбіқаев қызметінен кетті

29.10.2024

«Табысты болыңдар, бақытты болыңдар». Назарбаев референдумда дауыс берді

06.10.2024

Танымал актер Тоқаев, Назарбаев және Путиннен кешірім сұрады

18.07.2024

Назарбаевтың інісі Самат Әбіш шартты түрде 8 жылға сотталды – Депутат

20.03.2024

Семейная сага: как Назарбаевы будоражат инфополе

06.11.2023

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

18.09.2023
MalimBlocks
Назарбаевтың сенімді жақтастарының бірі Әбіқаев қызметінен кетті

Ол Қазақстан Волейбол федерациясының басшысы болған

«Табысты болыңдар, бақытты болыңдар». Назарбаев референдумда дауыс берді

Ол «Астана Опера» театрының ғимаратында таңдау жасады

Танымал актер Тоқаев, Назарбаев және Путиннен кешірім сұрады

Шоумен президенттерді сынағаны үшін айыптымын деп отыр.

Назарбаевтың інісі Самат Әбіш шартты түрде 8 жылға сотталды – Депутат

Бұл туралы Ермұрат Бапи әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Семейная сага: как Назарбаевы будоражат инфополе

Семья Назарбаевых совсем не дает скучать казахстанцам. Утром в понедельник, 6 ноября, стало известно, что добрая родня бывшего свата Дариги Назарбаевой Кайрата Боранбаева ждет его скорого возвращения из тюрьмы домой.

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

Жауаптардың құпия болуы Самат Әбішті жасырып қалу үшін жасалған