Даниал Ахметов тергелмейді, қылмыстық іске тартылмайды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов пен оның қоластындағы қызметкерлерінің жемқорлыққа қатысы дәлелденбепті.

  • 01.11.2021

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов пен оның қоластындағы қызметкерлерінің жемқорлыққа қатысы дәлелденбепті.

Осы жаздың басында әлеуметтік желілерде Даниал Ахметовтың, оның ұлының және қоластындағы қызметкерлердің Шығыс Қазақстан облысындағы біраз жобаларды іске асырғанда заң бұзушылыққа барғаны жайында мәліметтер тараған болатын.  Мәселен, Семейдегі «Абай-арена» құрылысы, Семей әуежайының реконструкциясы, Өскемен қаласындағы спорт кешендерін жөндеу және де басқалары.  Жарияланған ақпаратқа сәйкес, әкім мен оның командасындағылар аталған жобаларды іске асыру кезінде жеке бас мүдделерін ойлаған, қитұрқылықпен молынан табыс тапқан.

Malim.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің басшысы Марат Ахметжановтан «жемқорлыққа қатысты тараған ақпараттар бойынша әкім Даниал Ахметовтің қызметіне тексеріс жүргізілді ме?», «Ахметов пен оның жақындарының жемқорлыққа қатысы дәлелденді ме?» деп сұрады. М. Ахметжанов өз жауабында Даниал Ахметовке қатысты тараған мәліметтің рас-өтірігін анықтау үшін Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тексеріс жүргізгенін айтады.  

«Тексеріс кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасалғаны анықталмады. Сондықтан Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген жоқ», – дейді агенттік басшысы.

Аделаида Ауеспекова

Фото: express-k.kz

Байланысты жаналықтар

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды

07.05.2025

Даниал Ахметов орнын босатып, Ольга Рыпаковаға берді

11.12.2024

Саясаттан кеткен Даниал Ахметов Парижде спортшыларға қолдау көрсетіп жүр

05.08.2024

Шығыс Қазақстан облысында әйелге найзағай түсіп, қаза болды

03.07.2024

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

24.04.2024
MalimBlocks
Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды

Даниал Ахметов орнын босатып, Ольга Рыпаковаға берді

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті ауысты

Саясаттан кеткен Даниал Ахметов Парижде спортшыларға қолдау көрсетіп жүр

Экс-әкім жеңіл атлеттермен кездесу өткізді.

Шығыс Қазақстан облысында әйелге найзағай түсіп, қаза болды

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өз қызметкерлері оқиға орнына шақырту алмағанын атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

Сейсмологтардың айтуынша, зілзала - 2 балл.