Дариға Назарбаева «Nur Otan» партиясынан шықты
Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің құрамынан шықты
Бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде партия Саяси кеңесінің жаңа құрамы белгілі болды.
Жаңа құрамға кіргендер: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Сенат пен Мәжіліс спикерлері Мәулен Әшімбаев пен Нұрлан Нығматулин, Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов.
Ал бұл жолы құрамға енбей қалғандар қатарында партия төрағасының қазіргі бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева, бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин бар.
Сондай-ақ партияның жоғары өкілді органы 55%-ға жаңарды
Әйелдердің үлесі 33,7%-ға дейін өсті.
•35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 6 есеге (13%) дейін артты.
•Орташа жас мөлшері енді - 47 жас.