Депутаттар жоғарыда, журналистер жертөледе, Әшімбаев «биіктеп» барады

Журналистер депутаттарды мазаламау үшін Сенат осындай қадамға барған.

Malim Админ

  • 14.04.2022

Бүгін Сенаттың жалпы отырысына барған журналистердің көңілі су сепкендей басылды.  Сенат оларға жертөледен баспасөз залын сайлап қойыпты. Жаңа орынды көрген журналистердің шенеуніктерге өкпесі қара қазандай.  


Журналист  Әселім Қалкен бүгін әдеттегідей жалпы отырысқа келген. Бірақ Сенат әкімшілігі  оны үйреншікті баспасөз залына емес, жертөлеге қарай бағыттапты.     

«Бүгін бізге 8-ші подъезден кіріңдер деді. Шынымызды айтсақ, мұндай подъезд бар екенін білмеппіз. Сөйтсек, подвалдан орын беріпті. Аядай бөлмені жасақтап қойған. Терезесін де көрмедік. Ауа жоқ тіпті. Интернет те нашар ұстап тұр. Сығылысып әрең отырдық», - дейді ол.  

Журналистерге арналған баспасөз залы екінші қабатта орналасқан еді. Ол жерде БАҚ өкілдеріне тиесілі орын, отырысты көрсетіп тұратын экран болатын. Журналистерге  барынша қолайлы -тын. Бірінші қабатында отырыстар өтетін, осы жерден олар депутаттарды ұстап, сұхбат алатын.  Әселім Сенат орталық бөліктегі алаңға баннер қойғанын айтады. 

«Сол жерде депутаттар  журналистерге сұхбат береді деп мәлімделген. Қажет жағдайда депутаттар астыңғы қабатқа түсетін көрінеді», дейді әріптесіміз.    
Журналистің айтуынша, депутаттарды мазаламау үшін Сенат осындай қадамға барып отыр. Бұл – биліктің бұқаралық ақпарат өкілдеріне деген көзқарасы. Яғни, журналистердің орны жертөледе деген сөз.  

Жертөледен кеңсе беру Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына қайшы келеді дейді БАҚ өкілдері. Сенаттың бұл әрекетіне шамданған журналистер Төраға  Мәулен Әшімбаевтан жауап беруді талап етті. Сенат спикері баспасөз орталығы жөніндегі мәселені шешуге уәде берді. 

«Бұл жерде алаңдайтындай, жазатындай себеп көріп тұрған жоқпын. Бір-бірімізді ренжітпейік. Мен сұрақтардан қашпаймын, жауап беремін. Бір бірімізге құрметімізді жоғалтпай жұмыс істейік. Қазір кабинетіме көтеріліп, аппарат басшылығы мен баспасөз қызметіне тапсырма беремін. Онда жұмыс істеу қаншалықты ыңғайсыз екенін барып көрсін. Сіздер айтып отырған мәселелерге көз жеткізу үшін нұсқау беремін. Сенаттағы тиісті адамдар қарайды.  Мен кейін барып қарап көремін», - деді ол журналистерге.

Сонымен, Әшімбаев журналистерді жертөледен шығара ма? Өзі айтқандай, «сенаттағы адекватный адамдар» БАҚ өкілдеріне «биіктен» қарап отыра бермейтін шығар.

    
 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды

08.05.2025

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

05.05.2025

АҚШ сенаторы Трампқа наразылық ретінде 24 сағат бойы сөз сөйледі

02.04.2025

ЕАЭО елдерінің кәсіпкерлері Қазақстанда мемлекеттік тендерге қатыса алады

09.01.2025

Астанада журналистерге құқықтық сауаттылық арттыру семинарлары басталды

16.11.2024

"Бұл- хайуанаттар бағы емес". Сенатор Бишімбаевты көрсетпеу керектігін айтты

14.11.2024
MalimBlocks
Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

АҚШ сенаторы Трампқа наразылық ретінде 24 сағат бойы сөз сөйледі

ЕАЭО елдерінің кәсіпкерлері Қазақстанда мемлекеттік тендерге қатыса алады

Сенат осындай келісімді мақұлдады

Астанада журналистерге құқықтық сауаттылық арттыру семинарлары басталды

Семинарларда сынға көп ұшыраған баптар талқыға түседі

"Бұл- хайуанаттар бағы емес". Сенатор Бишімбаевты көрсетпеу керектігін айтты

Қожаев "журналистер хайп қуасыңдар" деді