Елімізде Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Malim Админ

  • 04.05.2024

Үкімет «Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2024 жылғы 27 сәуірдегі қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын, – делінген құжатта.

Ведомствоның функцияларына мыналар кірді:

жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

жасанды интеллект технологияларын дамыту саласында нормативтік құқықтық реттеуді әзірлеу және іске асыру;

жасанды интеллект саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

жасанды интеллект саласындағы сараптамалық кеңестің құрамы мен қызметі туралы ережені бекіту;

жасанды интеллектті дамыту бөлігінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын келісу.

Бұл ретте «Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің геодезия және картография комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылды.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025
MalimBlocks
Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады