Имашев vs Цой: Тоқаев кімнің сөзін тыңдайды?

Malim Админ

  • 22.10.2020

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев 10 қаңтарға белгіленген парламент мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы онлайн емес, дәстүрлі форматта өтетінін мәлімдеді. Яғни сайлаушылар сайлау учаскелеріне барып, қағаз бюллетень арқылы дауыс бермек.

"Бұл мәселе қайдан шыққанын білмеймін (онлайн дауыс беру - ред.). Дауыс беру "Сайлау туралы" заңмен реттеледі. Ол заңда онлайн дауыс беру қарастырылмаған. Біздің поштаға көп күндік дауыс беру туралы ұсыныстар түсіп жатыр. Бұл да заңда жоқ. Сондықтан сайлау әдеттегідей қағаз бюллетеньмен дауыс беру арқылы өтеді. Ешқандай жаңашылдық қарастырылып жатқан жоқ", - деді Имашев.

Имашевтің айтуына қарағанда, денсаулық сақтау министрлігі партия съездері, үгіт-насихатты қалай жүргізетіні және сайлаудағы санитарлық талаптарды әзірлемек.

Имашев журналистерден "бұл мәселе қайдан шыққан" деп таңғалғанымен, онлайн дауыс беру екі-үш аптадан бері ел аузында жүр. Әсіресе, бұл мәселені басқа-басқа емес, Имашевтің үкіметтегі әріптесі Алексей Цойдың өзі көтеріп, түсініктеме берген.  14 қазан күнгі онлайн брифингіде А.Цой өзі басқаратын министрлік сайлаудың барлық форматын, оның ішінде онлайн дауыс беруді де қарастырып жатқанын мәлімдеген.

«Мақсатымыз – елдің медициналық қауіпсіздігі мен медициналық көмекті бақылау. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты түрлі форматтар қарастырылып жатыр. Мақсатымыз – сайлау қандай жолмен өтсе де, ондағы эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Әртүрлі шаралар қарастырылады, мейлі ол онлайн немесе учаскеге барып дауыс беру болсын. Біз үшін сайлауда барлық санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың сақталуы маңызды. Біз кез келген тәсілді, онлайн немесе учаскеге барып дауыс беруді болсын, қарастырып жатырмыз. Біздің шаралар ортақ және ол дауыс берудің түріне байланысты емес. Адам көп жиналса, онда арақашықтықты сақтаймыз, маска тағу, қолғап кию, тест қолдану», — деді А.Цой 14 қазан күнгі онлайн брифингіде.

Берік Имашев бұл сөзін эпидемилогиялық ахуал тұрақты кезде айтып отыр. Ал егер қаңтарға қарай эпидемиологиялық ахуал асқынып, індет өршіп кетсе ше? Қазір "сайлау дәстүрлі түрде өтеді" деген Берік Имашевтің сөзі жүре ме, әлде эпидемиологиялық ахуалды реттеуге жауапты денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзі өтімдірек бола ма?

 

 

Байланысты жаналықтар

Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

19.09.2023

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

18.09.2023

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

18.09.2023

Назарбевтың бұрынғы құдасы 6 жылға сотталды

15.09.2023

Мeмлeкeттiң зaңы бip бөлeк, дiндapлapдың зaңы бip бaсқa

15.09.2023

Саяси реформалардың жарқын көрінісі

14.09.2023
MalimBlocks
Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

Здание алматинского горсуда закрыли для посетителей и адвокатов во вторник, 19 сентября. Известно, что в одном из залов судебных заседаний идет апелляционное рассмотрение жалобы на приговор суда первой инстанции, по которому осуждены активисты Айгерим Тлеужан, Калас Нурпеисов и еще трое алматинцев.

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

Жауаптардың құпия болуы Самат Әбішті жасырып қалу үшін жасалған

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

Аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев объявил войну коррупционерам, причем бесплатно - силами местных жителей.

Назарбевтың бұрынғы құдасы 6 жылға сотталды

Мемлекетке өз еркімен 90 миллиард теңгенің мүлкін қайтарғанын хабарлады

Мeмлeкeттiң зaңы бip бөлeк, дiндapлapдың зaңы бip бaсқa

Eлiңнiң қaндaй зaңы бap, мeмлeкeт қaндaй тәpтiптi бaсшылыққa aлaды, oғaн бaс қaтыpмaйды

Саяси реформалардың жарқын көрінісі