"Кешірім сұрамаймын":«Nur Otan» депутаттары мұғалімдерді тепкілеуге көшкен бе?

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 05.04.2021

«Nur Otan» партиясының депутаты мектеп мұғалімін соққыға жыққан.

Сәуірдің 1-і күні ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында жергілікті мәслихат депутаты Сержан Омарбеков Біләлов атындағы мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі Өмірхан Қанағатовты соққыға жыққан.

«Мен сабақтан 11-50-де шықтым. НВП мұғалімі Мұхат Иманжановтың кабинетіне депутат (Сержан Омарбеков – ред) келіп отыр екен. Содан амандасып, әңгімелестік. Содан ол маған «Өмірхан сен осы аудан деген мәселені неге көтере бересің, неге жаза бересің?», - деді. Мен оған «Секе, осыған бола ренжіспей ақ қояйық», - дедім. «Ренжіспейік деп айтатын сен кімсің?» деді де, орындықта отырған жерімде шекемнен бір ұрып құлатты», - дейді Қанағатов.

Өмірхан Қанағатовтың айтуынша, депутат оқиға орнына полиция келген уақытта «ешкімді ұрған жоқпын, кешірім де сұрамаймын» деген.

«Полиция келді де «қойыңыздар, ұят болады, сіз депутат, сіз мұғалімсіз, бір-бірлеріңізден кешірім сұраңыздар»,- деп айтты. Бірақ депутат: «Кешірім сұрамаймын. Мен оны ұрған жоқпын, ол басын қабырғаға соқты», - деді. Ал кабинетте болған (Омарбековтің сыныптасы) Мұхтар Иманжанов көргенін айтпай қойды...», - дейді Қанағатов.

Мәселенің мән-жайын білу үшін депутат Сержан Омарбековтің жұмыс орнына телефон соққанымызда тұтқаны ешкім көтермеді. Бұған дейін аталмыш оқиғаға байланысты «Nur Otan» партиясы әлеуметтік желіде арнайы мәлімдеме жариялаған. Онда партияның мәселені бақылауға алғаны жөнінде және депутат кінәлі болса, тиісті шаралар қолданылатыны жөнінде айтылған.

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында депутаттар төңірегінде дау бұған дейін де болған. Осыдан біраз уақыт бұрын «Ақ жол» партиясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Қайрат Дәкеров Тарбағатай ауданын екіге бөліп, Ақжар аймағына экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруді ұсынған. Бұл әлеуметтік желі мен БАҚ-та қызу талқыланып, елдің сынына ұшыраған.

 

 

Байланысты жаналықтар

Депутат Назаров журналистерден тағы қашты

29.03.2023

Ринат Зайытов: «Мен Президентті қолдауым керек» деген сөз болмау керек

29.03.2023

Назаров састы, Берденов қашты. Су жаңа депутаттар мандат алып жатыр

28.03.2023

Депутаттыққа кандидат Аятжан Ахметжан шеттетілді

04.03.2023

Депутат кім болуы керек?  Парламентке әртістер қажет пе?  

09.02.2023

Трактор құлаған мұз өткелде көлік қозғалысы басталды

01.02.2023
MalimBlocks
Депутат Назаров журналистерден тағы қашты

Кешегі пікірін кеңірек түсіндіруді сұрады

Ринат Зайытов: «Мен Президентті қолдауым керек» деген сөз болмау керек

Су жаңа депутат уәде берді

Назаров састы, Берденов қашты. Су жаңа депутаттар мандат алып жатыр

Жастарды тәрбиелейміз дейді

Депутаттыққа кандидат Аятжан Ахметжан шеттетілді

«Заңгерлермен бірігіп арыз дайындап жатырмыз»

Депутат кім болуы керек?  Парламентке әртістер қажет пе?  

Елдегі ерінбегеннің бәрі депутат болудан дәмелі

Трактор құлаған мұз өткелде көлік қозғалысы басталды

Мұз қалыңдығы 22-25 сантиметр