Мемлекеттік комиссия репрессия құрбандарын ақтау жұмыстарын пысықтады

Malim Админ

  • 26.05.2023

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаумен айналысатын мемлекеттік комиссия ұлт тарихына қатысты көптеген құнды құжаттарды жарыққа шығарды.  Күні кеше мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин  бастаған комиссия мүшелері архив, баспа ісі және зерттеу жұмыстары жөнінде отырыс өткізді. Комиссия жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде табылған деректер тағы да бірнеше кітап болып баспа бетін көрмек.  Өткен ғасырдың 20-50 жылдары аралығында қазақ даласында жүргізілген зобалаң, қуғын-сүргін тақырыбындағы еңбектер көпшілікке бұған дейін де ұсынылған.  Репрессия жөнінде шығарылған толымды еңбектің бірі – мемлекеттік комиссия жұмысы негізінде дайындалған көптомдық. Бас-аяғы 31 томды құрайтын кітап биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа таныстырылды. Құнды жинаққа жабық қорлар мен архивтерден алынған материалдар енгізілді.  2020 жылдан бастап тарихшылар, ғалымдар, журналистер 7 кітапты жарыққа шығарған-ды. Жуырда Батыс Қазақстан облысында қуғын-сүргін зардабын баян етітін тағы 7 кітап оқырманға ұсынылды. «Тауқымет тартқан тағдырлар», «Қуғындалған хазіреттер»  сынды кітаптар ұмыт болған деректерді жаңғыртады.   Ерлан Қарин алдағы уақытта да ұлт басына төнген нәубет шындығын ашатын құжаттар жинағын, басқа да материалдарды ел игілігіне беретінін айтты. Ғалымдар  «қуғын-сүргін құрбандарының жанкешті өмір тарихы қаншалықты қайғылы болғанымен, біз мәселені де, жеке фактілерді де саясаттандырмаймыз. Басқа халықтар мен өзге мемлекеттерді айыптамаймыз, біздің басты мақсатымыз- қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбандарын ақтау»,- деп отыр. Сол жолда жаңа деректер мен материалдарды іздеу, талдау жұмыстары тұрақты негізде жалғасатынын айтады.  Зерттеу жұмыстарының қортындысы болашақта талай ғылыми еңбектер мен диссертацияларға, монографиялар мен публицистикалық еңбектерге арқау болатыны сөзсіз.

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда ең көп кітапхана қай өңірде орналасқан?

23.04.2025

Ұлттық кітап күні: 500 метрлік гүлзар алаңында ақтөбеліктер кітап әлеміне саяхаттады

23.04.2025

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

15.04.2025

Өзбекстанда сотталушылар арасында кітап оқығандардың жазасы жеңілдейді

15.02.2025

Астанада Герольд Бельгердің жаңа кітаптары таныстырылды

15.11.2024

Кітап оқудың парқы

04.11.2024
MalimBlocks
Қазақстанда ең көп кітапхана қай өңірде орналасқан?

Ұлттық кітап күні: 500 метрлік гүлзар алаңында ақтөбеліктер кітап әлеміне саяхаттады

23 сәуірде Ұлттық кітап күнінде және ұлы ақын Абайдың 180 жылдығы қарсаңында Ақтөбеде ерекше шара өтті

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

Өзбекстанда сотталушылар арасында кітап оқығандардың жазасы жеңілдейді

Астанада Герольд Бельгердің жаңа кітаптары таныстырылды

Кітаптар еліміздің кітапханаларына таратылады

Кітап оқудың парқы

Кітап адамды ой түзуге үйретіп, мейірімділікке шақырады. Көзді ашады, оқығанды жақындастырады. Білгенімізге жаңа білім қосып, жадты жаңғыртуға көмектеседі.