"Назарбаевтың адамы" 17 жылға сотталуы мүмкін

Экс-президенттің сенімді серіктерінің бірі саналатын қамаудағы Кәрім Мәсімовтің тағдыры не болады?

  • 14.03.2022

Кәрім Мәсімов 17 жылға сотталуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте сөз болды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті тергеу жұмысы туралы Мәжілісте ҚР Бас прокуроры Берік Асылов айтты. Оған Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева арнайы сұрақ қойды.

«Әлеуметтік желілерде депутаттарға халықтан көптеген сұрақ түсіп жатыр. Соңғы күндердегі ең маңызды мәселелердің бірі - «Егер Кәрім Мәсімовтің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқа қызметкерлерінің кінәсі дәлелденсе, олар қандай жазаға таратылуы мүмкін?» деген сұрақ. Осы жайтқа қатысты қылмыстық іс қай кезеңге келді?» - деді депутат.

Бас прокурор Мәсімов пен оның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тұрғандағы үш орынбасарына, екі бөлімше бастығына қатысты бірнеше іс қозғалғанын, қазір олардың тергеу астында екенін айтты.

«Бұрынғы төраға мен оның орынбасарлары қамауда. Мемлекеттік опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу үшін билікті асыра пайдалану және пара алу бойынша қылмыстық істер тергелуде. Олардың іс-әрекеттеріне құқықтық бағаны сот береді. Бірақ, алдын ала айтар болсақ, аталған қылмыстар үшін Қылмыстық кодекспен 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған», - деді Асылов.

Әлеуметтік желілерде «Мемлекетке опасыздық жасады» деген айыппен 17 жыл мерзімді азырқанып жатқандар да бар.

Қазақстанда ең ықпалды қызметтер атқарған Мәсімов 2022 жылы 6 қаңтарда "мемлекетке опасыздық жасады" деген күдікпен изоляторға қамалған. Ол бұған дейін сарапшылар тарапынан Назарбаевтың биліктен кетсе де, ықпалын сақтап қалуында үлкен роль ойнайтын «Назарбаевтың адамы» ретінде аталып жүрген.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады