«Nur Otan» 7  бағытын халық қолдап отыр  

Malim Админ

  • 05.01.2021

Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Әйтеке би аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Әлібаев Марат Көпжасарұлы Т.Жүргенов ауылының тұрғындарымен кездесіп «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының, аудан орталығында алдағы 5 жылда орындалатын партияның 7  бағыттын түсіндірді.

1.Экономикалық тұрақты аудан.

2.Жайлы аудан.

3.Әлеуметтік-бағытталған аудан.

4.Жастар ауданы.

5.Аймақтың тарихы мен мәдениетін дамыту.

6.Ашық және есеп беретін жергілікті органдар.

7.Қауіпсіз аудан.

Жайлы аудан бағытты бойынша ауданда 2021 жылы Т.Жүргенов ауылында ауданы 2 қабаттан тұратын, 8 пәтерлі тұрғын үй салу. Нәтижесінде 48 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. 2021 жылы Т.Жүргенов ауылындағы бірінші бөлімінде  балалар алаңы салынады. Ауданда 2025 жылға дейін 600 ге жуык отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады.

«Nur  Otan» партиясы 2025 жылға қарай облыс халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп,  ауылдардың үштен бір бөлігін газбен жабдықтау мәселесін толық шешуді жоспарлап отыр.

200-ден астам адам тұратын ауылдарда орталықтандырылған су құбырлары салынады, ал қалғандарында (200 тұрғынға дейін) суды тазартудың кешенді блогы орнатылады. 8 ауылды орталықтандырылған сумен,  7 елді мекенді газбен жабдықталатын болады. 2025 жылға дейін 24 мың адам немесе аудан тұрғындарының 98,5%-ы сапалы ауыз суға қол жеткізе алады. Газбен 17 мың адам немесе ауылдардың 37% қамтамасыз етіледі.

2021-2025 жылдары 8 елді мекенді кең жолақты Интернетпен қамтамасыз еттіледі.

(Аққөл, Белқопа, Тымабұлақ, Жабасақ, Ақтасты, Талдық, Сарат, Милысай ауылдары)

Халық саны 250 адамнан асатын 2 ауылда (Жабасақ, Жамбыл) 3G стандарты Интернет желісі таратылады.

Партия алдағы бес жылдағы жұмысында халықтың денсаулығын нығайтуға, азаматтарды бұқаралық спортқа тартуға атсалысады.

  • 2021 жылы Т. Жүргенов ауылында;
  • 2022 жылы Қарабұтақ ауылында;
  • 2024 жылы Қарабұтақ ауылында ангар типті спорт кешенінің құрылысы;
  • 5 ауылда қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында хоккей корттарын орналастырылады;
  • Т. Жүргенов, Қарабұтақ және Аралтоғай ауылдарында воркаут-алаң құрылысын салу;
  • Жыл сайын 12 мың адамды қамтитын 100 спорттық шара өткізу;
  • Халықтың спорт ғимараттарына 100 пайыз қолжетімділігін қамтамасыз ету;

Бұл шаралар халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін 1 мың адамға шаққанда 38,5 пайызға дейін және дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы тұрғындарды 35 пайызға дейін қамтуға мүмкіндік береді.

«Nur  Otan» партиясы Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сайлау қоры қаражатынан төленді