Нұрәли Әлиев 1,5 миллион фунт даулап отыр

Malim Админ

  • 29.06.2020

Нұрәли Әлиев Ұлыбританиядағы қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттіктен 1,5 миллион фунт стерлинг өндіруді талап етіп отыр. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.

Нұрәли Әлиев 1,5 миллион фунт стерлинг өндіру жөніндегі талапты Ұлыбританияның жоғарғы сотында жеңгеннен кейін түсірген.

Ұлыбританияның қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттігі Дариға Назарбаева мен Нұрәли Әлиев Лондондағы зәулім үш үйді "шығу төркіні белгісіз ақшаға сатып алған" деп, ол үйлерді бұғаттап,  сотқа шағымданған еді. Бірақ 8 сәуір күні экс-президенттің қызы, сенаттың бұрынғы төрайымы Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрәли Әлиев  Лондонның жоғары сотында "шығу төркіні белгісіз ақшаға алынған үш жылжымайтын мүлікті" бұғаттау ісі бойынша сотта жеңіп, дүние-мүлкін қорғап қалды.  Сот шешімімен үш үйді бұғаттау жөніндегі ордердің күші жойылды. Алайда сотта жеңіске жету үшін бұрынғы президенттің қызы мен жиені құны 80 миллион фунт стерлинг тұратын үш зәулім үйді қандай ақшаға сатып алғанын және өздерінің дәулеті туралы мәліметті ашуына тура келген.

Қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттік жоғарғы сот шешіміне наразылық білдіріп, апелляция түсіргенімен, 17 маусым күнгі сотта Дариға Назарбаева мен Нұрәли Әлиев тағы жеңіске жетті.

Reuters-тің жазуынша,  Әлиевтің ресми өкілі "Жауапкер деп танылған негізгі иелері, қорлар 1,5 млн фунт талап етеді. Ұлыбританияның қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттігі құжаттарының бәрі болжамға құрылған және дәлелдердің көбі расталмаған ашық дереккөздерден алған" деген.

Яғни Нұрәли Әлиев өздерінің үйін бұғаттап, сотқа шағым түсірген Ұлыбританияның қылмыспен күрес ұлттық агенттігінің үстінен талап арыз түсіріп отыр.

Қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттік Әлиевтің шағымына қатысты түсініктеме бермеген.

Оқи отырыңыз: Нұрәли Әлиевтің соттағы сөзі

Байланысты жаналықтар

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

30.03.2025

Ұлыбритания королі шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

28.03.2025

Ұлыбританияда жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқығы қорғала ма?

12.02.2025

Ұлыбритания Украинаға 500 миллион фунт стерлинг пен ең ірі әскери көмек пакетін береді

23.04.2024

Түрмедегі Гүлнараның шетелдегі үш үйі тәркіленді

09.08.2023

Назарбаевтың туыстары тағы да байып кетті

11.05.2023
MalimBlocks
Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды

Ұлыбритания королі шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

Ұлыбритания королі III Чарльз ауруханаға түсті

Ұлыбританияда жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқығы қорғала ма?

Ұлыбритания Украинаға 500 миллион фунт стерлинг пен ең ірі әскери көмек пакетін береді

BBC хабарлауынша, мұндай шешім қабылданғаны туралы Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак 24 сәуірге жоспарланған Польшаға сапары барысында мәлімдемек.

Түрмедегі Гүлнараның шетелдегі үш үйі тәркіленді

Гүлнара Каримованың Лондондағы ең қымбат аудан болып саналатын Белгравиядағы екі пәтері және Суррей графтығындағы зәулім сарайы тәркіленді.

Назарбаевтың туыстары тағы да байып кетті

Forbes әдеттегідей Қазақстандағы ең бай адамдардың тізімдерін ұсынды.