Отаншыл рух отбасынан басталады

Malim Админ

  • 15.02.2024

Еліміздің екі бірдей үлкен шаһары Астана мен Алматыда жүргізілген «Жаңа адамдар» қозғалысының сауалнамасында тұрғындардың көбі Мемлекеттік рәмізіміз – Елтаңбаны танымаған. Яғни, өзге елтаңбалармен қатар көрсеткенде «мынау» деп тап басып көрсе алмаған.Сауалнамаға қатысқандардың 70% елтаңбамыздың бейнесіндегі жекелеген элементтердің мәнін түсінбейтінін айтыпты. Ойландыратын мәселе.

Ол үшін жұмыс жүйелі жүргізілуі керек деп есептеймін. Ел тәуелсіздігінің көрсеткіші ретінде мемлекеттік рәміздердің алатын орны ерекше.Отаншылдық рух отбасынан бастау алуы тиіс. Білім ошақтарына сілтей салмай, ата- ана мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді балаларының бойына сіңіре білуі керек. Балаға мемлекеттік нышандар туралы кітапшаларды сатып алып, бірге оқуды дәстүрге айналдыруы тиіс. Осылай ,бір жағынан, кітап оқу мәдениетін қалыптастырсақ, екіншіден, мемлекеттік рәміздер арқылы отаншылдыққа баулуға жол ашылары сөзсіз.   

Ал, білім беру ұйымдарына келетін болсақ,  балабақшадан бастап, мектеп, кәсіптік- техникалық білім беру және жоғары оқу орнында ұлттық құндылықтарды ұлықтауға ерекше мән беріп, оқыту үдерісінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша оқу бағдарламаларынан мол орын берілуін қамтамасыз ету маңызды. Өйткені, Отанды сүю,қадірлеп-қастерлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеудің тетіктері білім бағдарламасында қарастырылады.

Әр мейрамда Түркия мемлекетіндегідей әр үйдің шатырында, балкондарында көк туымыз желбіреп тұрса, оның несі айып?!

Былдырлап тілі шықпаса да, Әнұран шырқалғанда орнынан тұра салып, қолын кеудесіне тосып, ыңылдап қосыла кеткен бүлдіршіннің қылығы әлеуметтік желілерде желдей ескенін  жұрттың бәрі көрген болу керек.Міне, біз сондай ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. «Жаңа адамдар» қозғалысының сауалнамасы бізде рәміздердің насихатына жүйелі көзқарас қажет екенін көрсетіп берді. Демек, бұл тақырыпты қоғам талқысына шығарып, жұртшылықпен бірге талқылау керек шығар деген ойдамын.  Жаңа Қазақстанның болашағы жаңашыл көзқарасы бар, патриот жастарымыздың қолында екені сөзсіз.

Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ– ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, академик

Байланысты жаналықтар

Шығын көп, дамуы бәсең. Бектенов «Қазпоштаға» бір ай уақыт берді

14.01.2025

Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына барды

14.01.2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

13.01.2025

Зеленский Ким Чен Ынға сәлем жолдады

13.01.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев ақпаратқа қол жеткізуге қатысты заңға қол қойды

13.01.2025

Ресейге санкция күшейген соң, мұнай бағасы 81,11 долларға жетті

13.01.2025
MalimBlocks
Шығын көп, дамуы бәсең. Бектенов «Қазпоштаға» бір ай уақыт берді

Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына барды

Саммит аясында Қазақстан президенті сөз сөйлейді

Тоқаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

Зеленский Ким Чен Ынға сәлем жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев ақпаратқа қол жеткізуге қатысты заңға қол қойды

Ресейге санкция күшейген соң, мұнай бағасы 81,11 долларға жетті